Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 81 бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1988 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабы 2 тармағының 4) тармақшасына, сонымен қатар «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналардың:
      1) «Көтерме сауда саласында қызмет көрсететін кәсіпорынның есебі» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 1801101, индексі 1-ІС (Қосымша) мен оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2013 жылғы 9 қазандағы № 233 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2013 жылғы 1 қарашада № 8870 болып тіркелген, 2014 жылғы 29 сәуірде № 82 (28306) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған);
      2) «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі әзірлеген ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша статистикалық нысандар мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 97 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2010 жылғы 30 сәуірде № 6201 болып тіркелген, 2014 жылғы 29 сәуірде № 82 (28306) «Егемен Қазақстан» газетінде, 2010 жылғы № 14 Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың кейбір актілер жинағында (тиражға шыққан уақыты 2010 жылғы 26 тамыз) жарияланған);
      3) «Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Төрағасының 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 97 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағаның міндетін атқарушының 2011 жылғы 2 тамыздағы № 208 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2011 жылғы 1 қыркүйекте № 7154 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы бес жұмыс күні ішінде осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық органдарына жұмыс бабында басшылыққа алу үшін жеткізсін.
      3. Осы бұйрық 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төрағаның
      міндетін атқарушы                               А. Ашуев

О признании утратившими силу некоторых приказов Председателя Агентства Республики Казахстан по статистике

Приказ и.о. Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан от 12 декабря 2014 года № 81

      Примечание РЦПИ!
      Настоящий приказ вводится в действие с 1 января 2015 года.

      В соответствии с подпунктом 4) пункта 2 статьи 40 Закона Республики Казахстан от 24 марта 1998 года «О нормативных правовых актах», а также с подпунктом 3) статьи 12 Закона Республики Казахстан от 19 марта 2010 года «О государственной статистике», ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Признать утратившими силу:
      1) приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по статистике от 9 октября 2013 года № 233 «Об утверждении статистической формы общегосударственного статистического наблюдения «Отчет предприятия, оказывающего услуги в сфере оптовой торговли» (код 3011104, индекс 1-ВТ (Приложение), периодичность годовая) и инструкции по ее заполнению (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 8870 от 1 ноября 2013 года, опубликованный в газете «Казахстанская правда» 29 апреля 2014 года № 82 (27703));
      2) приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по статистике от 27 апреля 2010 года № 97 «Об утверждении статистических форм и инструкции по их заполнению по ведомственным статистическим наблюдениям, разработанных Национальным Банком Республики Казахстан» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 6201 от 30 апреля 2010 года, опубликованный в газете «Казахстанская правда» 3 февраля 2011 года № 38-39 (26459-26460), в Собрание актов центральных исполнительных и иных центральных государственных органов Республики Казахстан № 14, 2010 года (дата выхода тиража 26 августа 2010 года));
      3) приказ исполняющего обязанности Председателя Агентства Республики Казахстан по статистике от 2 августа 2011 года № 208 «О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по статистике от 27 апреля 2010 года № 97» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 7154 от 1 сентября 2011 года).
      2. Управлению планирования статистической деятельности Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан в течение пяти рабочих дней довести настоящий приказ до структурных подразделений и территориальных органов Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан для руководства в работе.
      3. Настоящий приказ вводится в действие с 1 января 2015 года.

      Исполняющий обязанности
      Председателя                               А. Ашуев