«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1988 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабы 2 тармағының 4) тармақшасына, сонымен қатар «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналардың:
1) «Көтерме сауда саласында қызмет көрсететін кәсіпорынның есебі» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 1801101, индексі 1-ІС (Қосымша) мен оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2013 жылғы 9 қазандағы № 233 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2013 жылғы 1 қарашада № 8870 болып тіркелген, 2014 жылғы 29 сәуірде № 82 (28306) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған);
2) «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі әзірлеген ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша статистикалық нысандар мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 97 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2010 жылғы 30 сәуірде № 6201 болып тіркелген, 2014 жылғы 29 сәуірде № 82 (28306) «Егемен Қазақстан» газетінде, 2010 жылғы № 14 Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың кейбір актілер жинағында (тиражға шыққан уақыты 2010 жылғы 26 тамыз) жарияланған);
3) «Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Төрағасының 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 97 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағаның міндетін атқарушының 2011 жылғы 2 тамыздағы № 208 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2011 жылғы 1 қыркүйекте № 7154 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы бес жұмыс күні ішінде осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық органдарына жұмыс бабында басшылыққа алу үшін жеткізсін.
3. Осы бұйрық 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Төрағаның
міндетін атқарушы А. Ашуев