Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Төрағасының 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 97 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының м.а. 2011 жылғы 2 тамыздағы № 208 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 1 қыркүйекте № 7154 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 81 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 12.12.2014 № 81 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1460 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі туралы ереженің 19-тармағының 7) тармақшасына сәйкес,БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі әзірлеген ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша статистикалық нысандар мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Төрағасының 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 97бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6201 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың актілер жинағында 2010 жылы № 14 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықтың 1-тармағының 3) және 4) тармақшалары алынып тасталсын.
      2. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Құқықтық және ұйымдық қамтамасыз ету департаменті Стратегиялық даму департаментімен бірлесе отырып заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Стратегиялық даму департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің назарына жеткізсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің жауапты хатшысына жүктелсін.
      5. Осы бұйрық оның Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төрағаның
      міндетін атқарушы                             Ж. Жарқынбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады