Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналардың:
1) «Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарындағы 2014 жылға бір тәрбиеленушіге мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыруды және ата-ананың ақы төлеу көлемін бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 6 наурыздағы № 107-357 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 4 сәуірде № 805 болып тіркелген, 2014 жылғы 10 сәуірдегі № 39 (3096) «Астана ақшамы», 2014 жылғы 10 сәуірдегі № 38 (3114) «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған).
2) «Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарындағы 2014 жылға бір тәрбиеленушіге мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыруды және ата-ананың ақы төлеу көлемін бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 6 наурыздағы № 107-357 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 107-1890 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 866 болып тіркелген, 2014 жылғы 27 желтоқсандағы № 147 (3204) «Астана ақшамы», 2014 жылғы 27 желтоқсандағы № 146 (3222) «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. «Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Ә. Аманшаевқа жүктелсін.
Әкім Ә. Жақсыбеков