Ескерту. Күші жойылды – ҚР Әділет министрінің 01.10.2024 № 821 бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңының 13-бабы 5-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің орталық аппаратының "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы 2014 жылғы 28 қазандағы № 1114 бұйрығына мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің орталық аппаратының "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары:
"Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау басқармасының сарапшысы С-5 санаты (2 бірлік), № 14-0-4, № 14-0-5" деген бөлімде "Білімі" деген жол "немесе қаржы" деген жолмен толықтырылсын;
осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа бөліммен толықтырылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің орталық аппаратының "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарының бүкіл мәтіні бойынша "Жұмыс тәжірибесі" деген жол мына редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 58 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 10 қаңтарда № 10080 тіркелген "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес. Компьютерде жұмыс істей білуі.".
2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Әділет министрі | Б. Имашев |
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 227 бұйрығына қосымша |
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
Сараптама қызметін ұйымдастыру басқармасы (дербес басқарма
құқығында) "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына
қойылатын біліктілік талаптары
_______________________________________________________________
Сараптама қызметін ұйымдастыру басқармасының басшысы
С-3 санаты (1 бірлік)
Белгілері | Қойылатын талаптар |
Білімі | Заң немесе экономика немесе медицина саласындағы жоғарғы білім |
Кәсіби біліктілігі | Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңдарын, "Қазақстан Республикасы Президенті туралы", "Қазақстан Республикасының парламенті және оның мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасы Үкіметі туралы", Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу және Азаматтық іс жүргізу кодекстерін, "Мемлекеттік қызмет туралы", "Сыбайлас жемқорлық туралы", "Әкімшілік рәсімдер туралы", "Жеке және заңды тұлғаларын өтініштерін қарау туралы", "Мемлекеттік сатып алулар туралы"; "Әділет органдары туралы", "Қазақстан Республикасындағы сот-сараптамалық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның тиісті біліктілігіне сәйкес келетін саладағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері, "Қазақстан – 2050": Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. Осы санаттағы лауазымдардың функционалдық міндеттерін орындауға қажетті басқа да міндетті білімдер. Сараптамалық қызмет саласындағы заңнаманы білуі |
Практикалық тәжірибесі | "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 58 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 10 қаңтарда № 10080 тіркелген "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес. Компьютерде жұмыс істей білуі. |
Функционалдық міндеттері | Басқарманың жұмысына жалпы басшылық жасау, қызметін жоспарлау және ұйымдастыру. Сараптамалық қызмет саласы бойынша бюджет қаражатының игерілуіне, мемлекеттік сатып алуларды жүргізуге дербес жауапкершілік жүргізу. Талдау, құқықтық және әдістемелік жұмыстарды басқару, оң жұмыс тәжірибесін зерделеу және тарату, сараптамалық қызмет мәселесі бойынша нұсқаулық, әдістемелік материалдар және тәжірибелік құрал әзірлеу, сараптамалық қызмет мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу. Басқарма қызметкерлерінің атқарушылық және еңбек тәртібін сақтауын қамтамасыз ету, қызметкерлердің біліктілігін арттыру, көтермелеу, жазалау туралы ұсыныстар енгізу; Министрліктің басшылығы жүктеген өзге функцияларды жүзеге асыру. |
Сараптама қызметін ұйымдастыру басқармасының бас сарапшысы
С-4 санаты (1 бірлік)
Белгілері | Қойылатын талаптар |
Білімі | Заң немесе экономика немесе медицина саласындағы жоғарғы білім |
Кәсіби біліктілігі | Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңдарын, "Қазақстан Республикасы Президенті туралы", "Қазақстан Республикасының парламенті және оның мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасы Үкіметі туралы", Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу және Азаматтық іс жүргізу кодекстерін, "Мемлекеттік қызмет туралы", "Сыбайлас жемқорлық туралы", "Әкімшілік рәсімдер туралы", "Жеке және заңды тұлғаларын өтініштерін қарау туралы", "Мемлекеттік сатып алулар туралы"; "Әділет органдары туралы", "Қазақстан Республикасындағы сот-сараптамалық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның тиісті біліктілігіне сәйкес келетін саладағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері, "Қазақстан – 2050": Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. Осы санаттағы лауазымдардың функционалдық міндеттерін орындауға қажетті басқа да міндетті білімдер. Сараптамалық қызмет саласындағы заңнаманы білуі. |
Практикалық тәжірибесі | "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 58 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 10 қаңтарда № 10080 тіркелген "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес. Компьютерде жұмыс істей білуі. |
Функционалдық міндеттері | Үкіметтің, Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің тапсырмаларын орындайды. Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының сауалын, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастырады; және басқа да Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне түскен өтініштерге жауап дайындау. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Стратегиялық және Операциялық жоспарларында қарастырылған іс-шараларды уақытылы және сапалы атқару. Премьер-Министр, Әділет Министрінің блогына, сонымен қатар Әділет министрлігінің веб-сайтына келіп түскен, Басқарманың қызметіне қатысы бар, сұрақтарға жауаптар дайындайды. Талдау, құқықтық және әдістемелік жұмыстарды басқару, оң жұмыс тәжірибесін зерделеу және тарату, сараптамалық қызмет мәселесі бойынша нұсқаулық, әдістемелік материалдар және тәжірибелік құрал әзірлеу. |
Сараптама қызметін ұйымдастыру басқармасының сарапшысы
С-5 санаты (2 бірлік)
Белгілері | Қойылатын талаптар |
Білімі | Заң немесе экономика немесе медицина саласындағы жоғарғы білім |
Кәсіби біліктілігі | Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңдарын, "Қазақстан Республикасы Президенті туралы", "Қазақстан Республикасының парламенті және оның мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасы Үкіметі туралы", Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу және Азаматтық іс жүргізу кодекстерін, "Мемлекеттік қызмет туралы", "Сыбайлас жемқорлық туралы", "Әкімшілік рәсімдер туралы", "Жеке және заңды тұлғаларын өтініштерін қарау туралы", "Мемлекеттік сатып алулар туралы"; "Әділет органдары туралы", "Қазақстан Республикасындағы сот-сараптамалық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның тиісті біліктілігіне сәйкес келетін саладағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері, "Қазақстан – 2050": Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. Осы санаттағы лауазымдардың функционалдық міндеттерін орындауға қажетті басқа да міндетті білімдер. Сараптамалық қызмет саласындағы заңнаманы білуі. |
Практикалық тәжірибесі | "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 58 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 10 қаңтарда № 10080 тіркелген "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес. Компьютерде жұмыс істей білуі. |
Функционалдық міндеттері | Үкіметтің, Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің құзыретіне қатысты тапсырмаларын орындайды. Үкімет отырыстарына, Министрдің қатысуымен өткізілетін жиналыстарға қарастырылатын мәселелер бойынша ұсыныстар енгізу мақсатында материалдарды әзірлеу Премьер-Министр, Әділет Министрінің блогына, сонымен қатар Әділет министрлігінің веб-сайтына келіп түскен, Басқарманың қызметіне қатысы бар, сұрақтарға жауаптар дайындайды. Министрліктің, Басқарманың басшылығының өзге де тапсырмаларын орындайды. |