Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күшін жою туралы

Қатені түзеу

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2024 жылғы 1 қазандағы № 821 бұйрығы

      "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мына:

      1) "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің орталық аппаратының "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 28 қазандағы № 1114 бұйрығына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 227 бұйрығының;

      2) "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің орталық аппаратының "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 28 қазандағы № 1114 бұйрығына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 шілдедегі № 401 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр А.Н. Есқараев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады