"Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы үлгілік оқу бағдарламасы және үлгілік оқу жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 15 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 30 қаңтардағы № 19 бірлескен бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 310 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 145 бірлескен бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 21-1-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы үлгілік оку бағдарламасы және үлгілік оку жоспарын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 28 ақпанда № 8355 тіркелген) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары- Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 15 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 30 қаңтардағы № 19 бірлескен бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне осы бірлескен бұйрықтың көшірмесін жіберсін.
      3. Осы бірлескен бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының            Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму              Білім және ғылым министрі
      министрі                             министрі
      ___________ Ә. Исекешев               ___________ А. Сәрінжіпов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады