Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Су кодексi
K933000_
жарияланған күннен бастап күшiне енгiзiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне:
1993 жылғы 1 тамызға дейiн:
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесiне Қазақстан Республикасының Заң құжаттарын Қазақстан Республикасының Су кодексiне сәйкес келтiру туралы ұсыныстар беру;
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiн Қазақстан Республикасының Су кодексiне сәйкес келтiру;
Қазақстан Республикасының Су кодексiне қайшы келетiн өздерiнiң қалыптық құжаттарын Қазақстан Республикасының Министрлiктерi, мемлекеттiк комитеттерi мен ведомстволары қайта қарап, олардың күшiн жоюын қамтамасыз ету;
1993 жылғы 1 қыркүйекке дейiн:
Су ресурстарын пайдалану мен қорғауға мемлекеттiк бақылау жасау туралы ереженi әзiрлеп, бекiту;
Су қорғау аймақтары мен белдеулерi туралы ереженi әзiрлеп, бекiту;
арнайы және жеке су пайдалануға келiсiм және рұқсаттар беру тәртiбiн белгiлеу;
айрықша мемлекеттiк маңызы не айрықша ғылыми құндылығы бар, пайдалануға берiлуiне шек қойылуы не толығымен тыйым салынуы мүмкiн су тоғандарының тiзбесiн бекiту;
су пайдаланушыларға көрсетiлетiн қызметтер үшiн ақы алу тәртiбi мен шарттарын белгiлеу;
су шаруашылық шараларын жүргiзумен, су пайдалануды доғарумен немесе оның шарттарын өзгертумен келтiрiлген зияндарды өтеудiң тәртiбi мен мөлшерiн белгiлеу;
республикалық маңызы бар сауықтыру мақсатындағы су тоғандардың тiзбесiн бекiту;
су жолдарын кеме қатынайтын су жолдары категориясына жатқызу тәртiбiн, кеме қатынасы үшiн ашық iшкi су жолдарының тiзбесiн және оларды пайдалану ережелерiн белгiлеу;
әуе көлiгiнiң мұқтаждары үшiн су тоғандарын пайдалану тәртiбi мен шарттарын белгiлеу;
балық шаруашылығының мұқтаждары үшiн су пайдаланудың тәртiбiн, спорттық және әуесқойлық балық аулау кәсiбi үшiн су тоғандарын пайдалану ережелерiн бекiту;
өрт сөндiру мұқтаждары үшiн суды пайдалану тәртiбiн белгiлеу;
суды мемлекеттiк есепке алу және оны пайдалану, мемлекеттiк су кадастры мен су мониторингiн жүргiзу, су шаруашылық баланстарын жасау, суды кешендi пайдалану, ұдайы молықтыру мен қорғау схемаларын әзiрлеу және бекiту тәртiбiн белгiлеу тапсырылсын.
3. Қазақстан Республикасының Су кодексi жарияланған күннен бастап:
1972 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақ ССР Заңымен бекiтiлген Қазақ КСР-iнiң Су кодексi /Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1973, N 1; 1980, N 24; 1984, N 36, 447-құжат; 1988, N 2, 19-құжат/;
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесi Төралқасының 1973 жылғы 9 наурыздағы "Қазақ КСР Су кодексiн күшiне енгiзу тәртiбi туралы" Жарлығы (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1973, N 11) күшiн жойды деп танылсын.
4. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Аграрлық мәселелер және азық-түлiк жөнiндегi комитетiне осы қаулымен көзделген шаралардың iске асырылу барысын бақылауды қамтамасыз ету және қажет болған кезде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiне тиiстi ұсыныстар енгiзу тапсырылсын.
Қазақстан Республикасының Су кодексiн күшiне енгiзу туралы
Күшін жойғанҚазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң қаулысы 1993 жылғы 31 наурыздағы N 2500. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481-ІІ Кодексімен
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз