1. "Әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң мәртебесi және оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңы Z934000_ 1992 жылғы 1 ақпаннан бастап күшiне енгiзiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi:
"Әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң мәртебесi және оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Заңды қаржымен қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолдансын;
Қазақстан Республикасының заң актiлерiн осы Заңға сәйкес келтiру туралы ұсыныстар әзiрлеп, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң қарауына енгiзсiн;
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiн "Әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң мәртебесi және оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Заңға сәйкес келтiрсiн.
3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi, Iшкi iстер министрлiгi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi өздерiнiң нормативтiк актiлерiн осы Заңға сәйкес келтiрсiн.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Төрағасы