1. "Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы" Қазақстан Республикасының Заңы Z947000_ жарияланған күннен бастап күшiне енгiзiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi:
- Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесiне Қазақстан
Республикасының заң құжаттарын "Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкестендiру туралы ұсыныстар табыс ететiн болсын; - Қазақстан Республикасының көлiк кодекстерiн әзiрлеп, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң қарауына енгiзсiн; - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiн осы Заңға сәйкестендiрсiн. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Төрағасы