"Жеке тұрғын үй құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңын күшiне енгiзу тәртiбi туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Қаулысы 1994 жылғы 3 қараша N 214-ХIII

      Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi қаулы етедi:
      1. "Жеке тұрғын үй құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы Z941100_ жарияланған күнiнен бастап күшiне енгiзiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi:
      - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiн "Жеке тұрғын үй құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы заңымен сәйкес келтiрсiн;
      - Қазақстан Республикасы министрлiктерiнiң, мемлекеттiк комитеттерiнiң, ведомстволарының және жергiлiктi әкiмдерiнiң аталған Заңға қайшы келетiн қалыпты құжаттарын қайта қарап, күшiн жоюын қамтамасыз етсiн, сондай-ақ жеке тұрғын үй құрылысын дамытуға

көмектесетiн жаңа қалыпты құжаттар енгiзу жөнiндегi шараларды жүзеге
асырсын;
     - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiне 3 айлық мерзiмде
Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заң құжаттарын "Жеке
тұрғын үй құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес 
келтiру туралы ұсыныстарды табыс етсiн.
       Қазақстан Республикасы 
     Жоғарғы Кеңесiнiң Төрағасы 
      
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады