"Алматы қаласының орта білім беретін үздік ұйымы" грантын беру туралы

Жаңа

Алматы қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 14 қыркүектегі № 3/433 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6 бабының 3 тармағы 25-6) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 544 "Орта білім беретін үздік ұйым" грантының мөлшерін және оны беру тәртібін белгілей отырып, оны беруге арналған конкурсты өткізу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, "Алматы қаласының орта білім беретін үздік ұйымы" грантын беру жөніндегі конкурстық комиссияның шешімін ескере отырып, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Алматы қаласының орта білім беретін үздік ұйымы" гранты Алматы қаласы Білім басқармасының "№ 169 мектеп-лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне берілсін.
      2. Алматы қаласы Білім басқармасы қолданыстағы заңнамамен белгіленген тәртіпте осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары А. Қырықбаевқа жүктелсін.
      Алматы қаласының әкімі Б. Байбек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады