"Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғалардың 2016 жылғы тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 14 ақпандағы № 98 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 253 бұйрығы

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғалардың 2016 жылғы тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 14 ақпандағы № 98 бұйрығына мынадай толықтыру енгізілсін:

      "Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғалардың 2016 жылғы тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 19 деген жолмен толықтырылсын:

      "

19

"SanScrIT (СанСкрИТ)" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

150440022490

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Көктем-2 ықшам ауданы, 22- үй.

Алматы қаласының Бостандық ауданы бойынша Салық басқармасы

2016 жыл

      "

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Технологиялық және инновациялық даму департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықты қабылданған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және таратуға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады