"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 65-бабының 3-тармағына және "Қоғамдық кеңестер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 10-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Отын-энергетикалық кешен мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 29 наурыздағы № 112 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Отын-энергетикалық кешен мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңесінің құрамына:
мына:
"Байдильдинов | - | Қазақстан Республикасының азаматы (келісу бойынша); |
Ескужинов | - | Қазақстан Республикасының азаматы (келісу бойынша); |
Хайрушев | - | Қазақстан Республикасының азаматы (келісу бойынша)." |
енгізілсін;
көрсетілген құрамнан У.Б. Ізбасқанов шығарылсын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жұртшылықпен байланыс департаменті 3 (үш) жұмыс күні ішінде барлық мүдделі адамдарды осы бұйрықпен таныстырсын.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Негіздеме: 2022 жылғы 31 тамыздағы және 2023 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің отын-энергетикалық кешен мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес отырысының хаттамалары.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі |
А. Сәтқалиев |