РҚАО-ның ескертуі: P021429 қаулысын қараңыз.
"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. 602, 603, 604, 605, 606-қосымшаларға сәйкес Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң 2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енеді.
Қазақстан Республикасының |
Премьер-Министрі |
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1429 қаулысына 602-қосымша |
Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау
жөнiндегi есеп комитетi
(бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi)
001 "Әкiмшiлiк шығыстар" республикалық бюджеттiк бағдарламаның 2003 жылға арналған
Паспорты
1. Құны: 68760 мың теңге (алпыс сегiз миллион жетi жүз алпыс мың теңге).
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Мемлекеттiк қызмет туралы" 1999 жылғы 23 шiлдедегi N 453-I Қазақстан Республикасы Заңының 1-30-баптары ; "Мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлерiне еңбек ақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 25 наурыздағы N 575 Жарлығы ; "Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 5 тамыздағы N 917 Жарлығы .
3. Бюджеттiк бағдарламаның қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң аппаратына жүктелген функциялардың неғұрлым тиiмдi орындалуына қол жеткiзy үшiн оның қызметiн қамтамасыз ету.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi: Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң аппаратын ұстау.
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары:
------------------------------------------------------------------
р/н!Бағ.!Кіші!Бағдарламаның!Бағдарламаны ! Іске ! Жауапты
N !дар.!бағ.! атауы !(кіші бағдарлама.! асыру !атқарушылар
!ла. !дар.! !ны) іске асыру !мерзімі!
!ма. !ла. ! !жөніндегі ! !
!ның !ма. ! !іс-шаралар ! !
!коды!ның ! ! ! !
! !коды! ! ! !
------------------------------------------------------------------
1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6 ! 7
------------------------------------------------------------------
1 001 Әкімшілік Республикалық Жыл Республикалық
шығыстар бюджеттiң атқары. бойы бюджеттің
001 Орталық луын бақылау атқарылуын
орган жөнiндегi есеп бақылау
аппараты комитетiнiң жөніндегі
орталық аппаратын, есеп комитеті
40 бiрлiк деп
бекiтiлген штат
саны лимитiне сәйкес,
жүктелген функция.
ларын сапалы атқаруы
мақсатында ұстау
------------------------------------------------------------------
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Есеп комитетiне жүктелген функциялардың сапалы әрі дер кезінде орындалуы, органның үздiксiз қызмет етуi.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1429 қаулысына 603-қосымша |
Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау
жөнiндегi есеп комитетi
(бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi)
010 "Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау" республикалық бюджеттiк бағдарламаның 2003 жылға арналған
Паспорты
1. Құны: 144 мың теңге (бір жүз қырық төрт мың теңге).
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Мемлекеттiк қызмет туралы" 1999 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы ; "Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 5 тамыздағы N 917 Жарлығы .
3. Бюджеттiк бағдарламаның қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: өздерінің лауазымдық міндеттерін тиімді атқару және кәсіби шеберлігін жетілдіру мақсатында, қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес кәсіби саладағы оқыту бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білімін, ептілігі мен шеберлігін жаңғырту.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi: мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігін арттыру.
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары:
------------------------------------------------------------------
р/н!Бағ.!Кіші!Бағдарламаның!Бағдарламаны ! Іске ! Жауапты
N !дар.!бағ.! атауы !(кіші бағдарлама.! асыру !атқарушылар
!ла. !дар.! !ны) іске асыру !мерзімі!
!ма. !ла. ! !жөніндегі ! !
!ның !ма. ! !іс-шаралар ! !
!коды!ның ! ! ! !
! !коды! ! ! !
------------------------------------------------------------------
1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6 ! 7
------------------------------------------------------------------
1 010 Кадрлардың Біліктілік артты. Жыл Республикалық
біліктілігін рудың бекітілген бойы бюджеттің
арттыру және жоспары бойынша атқарылуын
қайта даярлау мемлекеттік қыз. бақылау
005 Мемлекеттік метшілердің жөніндегі
қызметшілер. біліктілігін есеп комитеті
дің білікті. арттыру жөнін.
лігін арттыру дегі қызметті
сатып алу, соның
ішінде мемлекет.
тік тілді оқыту.
Біліктілігін
арттыру курстары.
нан өтіп жатқан
мемлекеттік қыз.
метшілердің орташа
жылдық саны 28 адам.
------------------------------------------------------------------
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: мемлекеттік қазіргі кездегі экономикалық жағдайы мен ресурстық мүмкіндіктеріне сәйкес, мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мемлекеттік қызмет талаптарына жауап берген сапалы түрде оқытудың тиімді жүйесін қалыптастыру және дамыту арқылы мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыру.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1429 қаулысына 604-қосымша |
Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау
жөнiндегi есеп комитетi
(бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi)
500 "Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiне ақпараттық-есептеу қызметiн көрсету" республикалық бюджеттiк бағдарламаның 2003 жылға арналған
Паспорты
1. Құны: 1990 мың теңге (бiр миллион тоғыз жүз тоқсан мың теңге).
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Республикалық және жергiлiктi бюджеттiң атқарылуын бақылау туралы" 2002 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы ; "Мемлекеттiк аппараттың қызметiн жақсарту, бюрократизммен күрес және құжат айналымын қысқарту жөнiндегi iс-шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 31 шiлдедегi N 427 Жарлығы ; "Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 16 наурыздағы N 573 Жарлығы .
3. Бюджеттiк бағдарламаның қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң ақпараттық жүйесiне қызмет көрсету.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi: Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiне ақпараттық-техникалық қызмет көрсету. Мемлекеттiк органдардың интеграцияланған ақпараттық-телекоммуникациялық жүйесiне ену.
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары:
------------------------------------------------------------------
р/н!Бағ.!Кіші!Бағдарламаның!Бағдарламаны ! Іске ! Жауапты
N !дар.!бағ.! атауы !(кіші бағдарлама.! асыру !атқарушылар
!ла. !дар.! !ны) іске асыру !мерзімі!
!ма. !ла. ! !жөніндегі ! !
!ның !ма. ! !іс-шаралар ! !
!коды!ның ! ! ! !
! !коды! ! ! !
------------------------------------------------------------------
1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6 ! 7
------------------------------------------------------------------
1 500 Республикалық Ай сайынғы төлем. Жыл Республикалық
бюджеттiң дер, интернетке бойы бюджеттің
атқарылуын қосылғаны үшін атқарылуын
бақылау 23 бірлік санын. бақылау
жөнiндегi дағы пайдаланушының жөніндегі
есеп комите. абоненттiк төлемi, есеп комитеті
тiне ақпарат. cepвepгe әкiмгершiлiк
тық-есептеу жасау, серверде W-сайт
қызметiн орналастыру, W-сайттың
көрсету мазмұнын жаңалап отыру,
жабдыққа техникалық
күтiм жасау және
қызмет көрсету,
кapтридждер және өзге
де шығындық материал.
дар сатып алу.
------------------------------------------------------------------
7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Есеп комитетiнiң ақпараттық инфрақұрылымының үздiксiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету, дербес компьютерлердi, локалдi есептеу желiсiн және оның компоненттерiн (серверлердi, желiлiк коммутаторларды және кабельдiк жүйенi), сондай-ақ ұйымдастыру техникасын техникалық жарамды күйде ұстау.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1429 қаулысына 605-қосымша |
Ескерту. 605-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2003.12.05. N 150АB қаулысымен .
Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау
жөнiндегi есеп комитетi
(бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi)
600 "Республиканың бюджеттің атқарылуын бақылау
жөнiндегі есеп комитетін есептеу және ұйымдастыру
техникасымен қамтамасыз ету" республикалық
бюджеттiк бағдарламаның 2003 жылға арналған
Паспорты
1. Құны: 3677 мың теңге (үш миллион алты жүз жетпіс жеті мың теңге).
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтік-құқықтық негізі: "Республикалық және жергілікті бюджеттің атқарылуын бақылау туралы" 2002 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы , "Мемлекеттiк аппараттық қызметін жақсарту, бюрократизммен күрес және құжат айналымын қысқарту жөніндегі іc-шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 31 шілдедегі N 427 Жарлығы .
3. Бюджеттiк бағдарламаның қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: сырттай бақылаудың ақпараттық-анықтамалық жүйесiн жасау.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi: eceптеу және ұйымдастыру техникасымен қамтамасыз ету, жұмыс орындарын автоматтандыру, мемлекеттік органдардың интеграцияланған ақпараттық-телекоммуникациялық жүйесіне бiр мезгілде ену.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске acыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
___________________________________________________________________
N |Бағ. |Кіші |Бағдарламаның | Бағдарламаны |Іске |Жауапты
р/|дар. |бағ. | (кіші | іске асыру |асыру|атқару.
н |лама.|дар. |бағдарламаның)| жөніндегі |мер. |шылар
| ның |лама.| атауы | іс-шаралар |зімі |
|коды |ның | | | |
| |коды | | | |
___________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7
___________________________________________________________________
1 600 Республикалық Портативті компьютер - Жыл Респуб.
бюджеттің 5 дана, LCD-монитор. бойы ликалық
атқарылуын лар - 8 дана, компьютер. бюджеттің
бақылау лер - 9 дана, лазерлі атқары.
жөнiндегі принтер - 7 дана, луын
есеп портативті принтер - бақылау
комитетін 2 дана, фотопринтер - жөніндегі
есептеу және 1 дана, автосканер - есеп
техникамен 1 дана, Adobe Acrobat комитеті
қамтамасыз лицензиясы - 1 дана,
ету сыртқы портативтi
ақпарат жинақтаушы -
1 дана
___________________________________________________________________
. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің үздiксiз жұмыс істеуiн қамтамасыз ету, бақылау объектiлерiне барып қызметті қамтамасыз етуді қоса алғанда, жұмыс орындарын автоматтандыру және кеңейту, электрондық шығу документациясын дайындау, мемлекеттік органдардың интеграцияланған ақпараттық-телекоммуникациялық жүйесiне ену, республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетi қабылдайтын шешiмдердiң тиiмдiлiгiн және өзара келiсiмділігiн арттыру.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1429 қаулысына 606-қосымша |
Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау
жөнiндегi есеп комитетi
(бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi)
602 "Қаржылық бақылау объектiлерi бойынша ақпараттық деректер базасын жасау" республикалық бюджеттiк бағдарламаның
2003 жылға арналған
Паспорты
1. Құны: 6000 мың теңге (алты миллион теңге).
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтік-құқықтық негiзi: "Республикалық және жергiлiктi бюджеттiң атқарылуын бақылау туралы" 2002 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы ; "Мемлекеттiк аппараттың қызметiн жақсарту, бюрократизммен күрес және құжат айналымын қысқарту жөнiндегi iс-шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 31 шiлдедегi N 427 Жарлығы ; "Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 16 наурыздағы N 573 Жарлығы ; "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясын iске асыру жөнiндегi одан әрi iс-шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 28 наурыздағы N 827 Жарлығы ; "Қазақстан Үкiметiнiң 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 24 сәуiрдегi N 470 қаулысы .
3. Бюджеттiк бағдарламаның қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: қаржылық бақылау объектiлерi бойынша ақпараттық деректер базасын жасау.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi: Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi жұмысының тиiмдiлiгiн арттыру, республикалық және жергiлiктi бюджеттiң атқарылуына бақылау жүргiзу әдiстерiн жетiлдiру, Комитет қызметкерлерiн, бақылау объектiлерiнiң қаржылық есебiне талдау жасағанда аудитордың жұмысын iшiнара автоматтандыруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы экономикалық процесстердi болжау және үлгiге салу, республикалық және жергiлiктi бюджет қаражатын жұмсаудың тиiмдiлiгiн арттыру бөлiгiнде Қазақстан Республикасының Yкiметiне ұсыныс әзiрлеу жөнiндегi мiндеттердi орындауға мүмкiндiк беретiн құрал-сайманмен жабдықтау.
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары:
------------------------------------------------------------------
р/н!Бағ.!Кіші!Бағдарламаның!Бағдарламаны ! Іске ! Жауапты
N !дар.!бағ.! атауы !(кіші бағдарлама.! асыру !атқарушылар
!ла. !дар.! !ны) іске асыру !мерзімі!
!ма. !ла. ! !жөніндегі ! !
!ның !ма. ! !іс-шаралар ! !
!коды!ның ! ! ! !
! !коды! ! ! !
------------------------------------------------------------------
1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6 ! 7
------------------------------------------------------------------
1 602 Қаржылық Компьютерлiк аудит Жыл Республикалық
бақылау үшiн қолданбалы бойы бюджеттiң
объектiлерi бағдарламалық атқарылуын
бойынша ақпа. жабдықтауыш жасау, бақылау жөнiн.
раттық дерек. ақпараттық жүйенi дегі есеп
тер базасын тестiлеу және енгiзу, комитетi
жасау 20 маманды жүйенi
пайдалануға үйрету.
-----------------------------------------------------------------
7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетi жүргiзетiн бақылау iс-шаралары нәтижелерiне талдау жасаудың сапасын арттыру, "Республикалық және жергiлiктi бюджеттiң атқарылуын бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, республикалық бюджеттiң қаржысы есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелердiң қаржылық есебiне сапалы бақылау жүргiзу бөлiгiнде толыққанды iске асыру (8-бап, 4-тармақ, 2, 3-тармақшалар).