Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Бюджет кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Мыналардың:
8 ,
9 ,
10,
11,
12-қосымшаларға
сәйкес Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң 2008 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламаларының паспорттары бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1224 қаулысына
8-ҚОСЫМША
104 - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшісi
2008 жылға арналған
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң қызметiн қамтамасыз
ету" деген 001 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны
: 1584804 мың теңге (бір миллиард бес жүз сексен төрт миллион сексен төрт мың теңге).
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2008.11.12.
N 581д
Қаулысымен.
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi
: "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі
Заңы
; "Әкімшілік реформаны одан әрі жүргізу жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 29 наурыздағы N 304
Жарлығы
; "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қыркүйектегі N 993
қаулысы
.
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi
: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты
: Премьер-Министрдің Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қызметiне басшылық жасау жөнiндегi қызметiн қамтамасыз етудi ұйымдастыру.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi
: Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мен Үкіметінің қызметін ақпараттық-талдамалық, құқықтық, хаттамалық, құжаттамалық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз ету;
өздерінің лауазымдық міндеттерін тиімді орындау және кәсіби шеберлігін жетілдіру үшін қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес кәсіптік қызмет саласындағы білім беру бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білімді, дағды мен машықты жаңарту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
:
N р/с |
Бағ-
|
Кіші
|
Бағдар-
|
Бағдарламаны іске
|
Іске
|
Жауапты
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
001 |
|
Қазақс-
|
|
|
|
2 |
|
001 |
Орталық
|
Қазақстан Республикасы
|
Жыл бойы |
"Қазақ-
|
3 |
|
007 |
Мемле-
|
Мемлекеттік
|
Жыл
|
"Қазақ-
|
4 |
|
009 |
Мемле-
|
Қызметті материалдық
|
Жыл
|
"Қазақ-
|
5 |
|
017 |
Ақпарат-
|
Шығыс материалдарын,
|
Жыл бойы |
"Қазақ-
|
Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.11.12. N 581д Қаулысымен.
7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер
: Тiкелей нәтиже:
Премьер-Министрдің Қазақстан Республикасы Үкiметiнің қызметiне басшылық жасау жөнiндегi қызметiн қамтамасыз ету.
Кәсiптiк деңгейiн арттыру - 10 адам;
Мемлекеттiк тiлдi оқыту - 48 адам;
Ағылшын тiлiн оқыту - 24 адам.
Түпкi нәтижесі:
Мемлекеттiк атқарушы органдардың жүргізілетін мемлекеттік саясатты iске асыруға бағытталған тиiмдi қызметi.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
Республикалық бюджет қаражатының жұмсалуын оңтайландыру және оның тиiмдiлiгi;
Бiр мемлекеттік қызметшiнің бiлiктiлiгiн арттыруға арналған орташа шығындар - 60,0 мың теңге;
Бiр мемлекеттiк қызметшіге мемлекеттiк тілдi оқытуға арналған орташа шығындар - 36,0 мың теңге;
Бiр мемлекеттiк қызметшiге ағылшын тiлiн оқытуға арналған орташа шығындар - 21,0 мың теңге.
Уақтылығы:
Бiр жыл iшiнде жоспарланған iс-шаралар мен қойылған мiндеттердi уақтылы орындау.
Сапасы:
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің Кеңсесiне жүктелген мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу үшiн белгiленген мерзiмдi ескере отырып, iс-шараларды сапалы орындау;
Қазiргi заманғы экономикалық жағдайларға сәйкес кәсiби мемлекеттiк қызмет талаптарына сай мемлекеттiк қызметшiлердің кәсiби деңгейiн арттыру;
бiлiктiлiгiн арттыру курстарынан өткеннен кейiн жоғары тұрған лауазымдарға тағайындалуы мүмкiн мемлекеттiк қызметшiлердің үлесi 20%;
мемлекеттiк тiлдi оқыту курстарынан өткеннен кейiн мемлекеттiк тiлдi iс жүргiзуге көшетiн мемлекеттiк қызметшiлердің үлесi 30%;
ағылшын тiлiн оқыту курстарынан өткеннен кейiн ағылшын тiлiндегi құжаттармен жұмыс iстейтiн мемлекеттік қызметшiлердің үлесi 30%.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1224 қаулысына
9-ҚОСЫМША
104 - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшісi
2008 жылға арналған
"Мемлекеттік органдарда ақпараттық қауіпсіздікті ұйымдастыру және қамтамасыз ету" деген 002 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны
: 91600 мың теңге (тоқсан бір миллион алты жүз мың теңге).
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi
: "Құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 14 наурыздағы N 390-16 қаулысы; "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қыркүйектегі N 993
қаулысы
; "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің "Ақпараттық қауіпсіздік саласында мамандар даярлау және олардың біліктілігін арттыру орталығы" мемлекеттік мекемесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 мамырдағы N 435
қаулысы
.
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi
: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты
: мемлекеттiк органдар мен мекемелерде ақпаратты техникалық қорғау және бiлiктi кадрларды даярлау арқылы ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері
: мемлекеттік органдарды ақпаратты техникалық қорғау құралдарымен қамтамасыз ету арқылы ақпараттың жария болу техникалық арналарының санын барынша азайту;
мемлекеттік органдар мен мекемелерде ақпараттық қауіпсіздік саласындағы даярланған білікті мамандардың санын ұлғайту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
:
N р/с |
Бағ-
|
Кіші
|
Бағдар-
|
Бағдарламаны іске
|
Іске
|
Жауапты
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
002 |
|
Мемле-
|
|
|
|
2 |
|
100 |
Мемле-
|
1) Ақпараттық
|
Жыл
|
"Ақпарат-
|
3 |
|
101 |
Ақпарат
|
1) "Ақпараттық
|
Жыл
|
"Ақпарат-
|
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер
: Тікелей нәтиже:
Мемлекеттік органдарды ақпаратты техникалық қорғау құралдарымен қамтамасыз ету арқылы ақпараттың жария болу техникалық арналарының санын барынша азайту;
Мемлекеттік органдар мен мекемелерде ақпараттық қауіпсіздік саласындағы даярланған білікті мамандардың санын ұлғайту.
Түпкі нәтиже: Мемлекеттiк органдарда ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық нәтиже: Республикалық бюджет қаражатының жұмсалуын оңтайландыру және оның тиiмдiлiгi.
Уақтылығы: Мемлекеттік органдарда ақпараттың жария болу техникалық арналарын уақтылы анықтау және оларды жою, сондай-ақ ақпараттық қауiпсiздiк саласындағы мамандардың кәсiби деңгейiн арттыру.
Сапасы: Мемлекеттiк органдарда ақпараттың жария болуын ескерту.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1224 қаулысына
10-ҚОСЫМША
104 - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшісi
2008 жылға арналған
"Мемлекеттік мекемелердi фельдъегерлiк байланыспен қамтамасыз ету" деген 003 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны
: 414154 мың теңге (төрт жүз он төрт миллион бір жүз елу төрт мың теңге).
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi
: "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы
Заңы
; "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шiлдедегi
Заңы
; "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 11 қыркүйектегi N 993
қаулысы
; "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк фельдъегерлiк қызметi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2004 жылғы 7 қазандағы N 1042қбү қаулысы;
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi
: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты
: мемлекеттiк құпиялардың қорғалуын сақтай отырып, мемлекеттiк органдар мен мемлекеттiк мекемелердi үкiметтiк курьерлiк байланыспен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi
: арнайы жөнелтiмдердi жедел жеткiзудi қамтамасыз ету.
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары
:
N р/с |
Бағ-
|
Кіші
|
Бағдар-
|
Бағдарламаны іске
|
Іске
|
Жауапты
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
003 |
|
Мемле-
|
1) Мемлекеттік
|
Жыл
|
"Қазақ-
|
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: Арнайы жөнелтімдерді жедел жеткізуді қамтамасыз ету.
Түпкі нәтиже: Құпиялылық режимін сақтай отырып, хат-хабарлар мен жүктерді уақытылы және толық жеткізу.
Қаржы экономикалық нәтиже: Республикалық бюджет қаражатының жұмсалуын оңтайландыру және оның тиімділігі.
Уақытылығы: Хат-хабарлар мен жүктерді уақытылы жеткізу.
Сапасы: Құпиялылық режимін сақтай отырып, хат-хабарлар мен жүктерді толық көлемде жеткізу.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1224 қаулысына
11-ҚОСЫМША
104 - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшісi
2008 жылға арналған
"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық Банкінің жанындағы Ұлттық талдамалық орталық" АҚ-ның жарғылық капиталын қалыптастыру және ұлғайту"
деген 019 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
Ескерту. Тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.11.12. N 581д Қаулысымен.
1. Құны
: 1650000 мың теңге (бір миллиард алты жүз елу миллион теңге).
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.13
N 581
Қаулысымен.
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi
: "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық Банкінің жанындағы Ұлттық талдамалық орталық" акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 3 қыркүйектегі N 762
қаулысы
.
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi
: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты
: елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдесу.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi
: мемлекеттік басқарудың өзекті мәселелерін, өнімділік пен бәсекеге қабілеттілікті арттыру, қаржылық тұрақтылық, мемлекеттік органдардың реттеуші қызметінің тиімділігі мәселелерін зерделеу жөнінде институтының қызметін қамтамасыз ету.
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары
:
N р/с |
Бағ-
|
Кіші
|
Бағдар-
|
Бағдарламаны іске
|
Іске
|
Жауапты
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
019 |
|
"Қазақ-
|
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық Банкінің жанындағы Ұлттық талдамалық орталық АҚ-ның жарғылық капиталын қалыптастыру және ұлғайту. |
Қаңтар-
|
Қазақстан
|
Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.11.12.
N 581д
Қаулысымен.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтижесі: "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық Банкінің жанынан ұлттық талдамалық орталық" АҚ-ның қызметін қамтамасыз ету.
Түпкі нәтижесі: Мемлекеттік органдардың ақпараттық-талдау функцияларын институционалдық нығайту.
Қаржы-экономикалық нәтижесі: "Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ұлттық Банкінің жанындағы Ұлттық талдамалық орталық" АҚ-ның жарғылық капиталын 1 650 000 мың теңге көлемінде қалыптастыру және ұлғайту.
Уақтылығы: Жоспарланған іс-шараларды белгіленген мерзімде, оның ішінде қаржыландыру жоспарына сәйкес орындау.
Сапасы: Институттың тиімді қызмет етуін қамтамасыз ету.
Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.13
N 581
, 2008.11.12.
N 581д
Қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1224 қаулысына
12-ҚОСЫМША
104 - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшісi
2008 жылға арналған
"Мемлекеттік басқарудың көкейтесті мәселелерін зерделеу"
деген 020 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
Ескерту. 12-қосымша алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.13 N 581 Қаулысымен.