Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабы 1-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Персоналды басқару департаменті осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін және осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр Т. Дүйсенова
Келісілген
Қазақстан Республикасы
Республикасы Мемлекеттік қызмет
және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
агенттігі төрағасының
істері міндетін атқарушысы
________________ С. Ахметжанов
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрлігінің министрінің
2014 жылғы 28 қазан
№ 192 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің күші
жойылатын кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2014 жылғы 07 сәуірдегі № 150-ө бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 79279 тіркелген, «Казахстанская правда» газетінде 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 18 (27894) болып жарияланған);
2. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2014 жылғы 07 сәуірдегі № 151-ө бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 79278 тіркелген, «Казахстанская правда» газетінде 2014 жылғы 27 қарашадағы № 232 (27853) болып жарияланған);
3. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2014 жылғы 07 сәуірдегі № 152-ө бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 79276 тіркелген, «Казахстанская правда» газетінде 2014 жылғы 27 қарашадағы № 232 (27853) болып жарияланған).