«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына және «Нормативті құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 40 бабына сәйкес, Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Мына шешімдердің күші жойылды деп танылсын:
1) «Бұланды ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 3853 тіркелген, 2013 жылғы 25 қазан № 43 «Вести Бұланды жаршысы» аудандық газеттінде жарияланған);
2) «Бұланды ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Бұланды аудандық мәслихатының 2013 жылғы 30 қыркүйектегі № 5С-20/4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Бұланды аудандық мәслихатының 2014 жылғы 18 наурыздағы № 5С-25/6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 4098 тіркелген, 2014 жылғы 18 сәуірде № 16 «Вести Бұланды жаршысы» аудандық газеттінде жарияланған).
2. Шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді
Кезекті 40-сессияның
төрағасы Г.Желтов
Аудандық мәслихаттың
хатшысы Ш.Құсайынов