"Бұланды ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Бұланды аудандық мәслихатының 2013 жылғы 30 қыркүйектегі № 5С-20/4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 2014 жылғы 18 наурыздағы № 5С-25/6 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 15 сәуірде № 4098 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 2015 жылғы 21 тамыздағы № 5С-40/2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 21.08.2015 № 5С-40/2 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына сәйкес, Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. «Бұланды ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Бұланды аудандық мәслихатының 2013 жылғы 30 қыркүйектегі № 5С-20/4 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3853 тіркелген, 2013 жылғы 25 қазанда «Бұланды таңы» газетінде және 2013 жылғы 25 қазанда «Вести Бұланды жаршысы» газетінде жарияланған) шешіміне өзгерістер енгізілсін:
      9-тармақтың бесінші азат жолы жаңа редакцияда баяндалсын:
      «барлық санаттағы мүгедектер;»;
      10-тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
      «3) барлық санаттағы мүгедектер;»;
      11-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
      «1) азаматтарға (отбасына) қиын тіршілік жағдайы туындаған кезде, азаматтың (отбасының) кірісіне байланыссыз:
      денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған онкологиялық ауруларға;
      «Бұланды ауданының орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының тізімі негізінде туберкулез ауруларымен ауыратын адамдарға ем алу ақысы;».
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Кезекті 25-сессияның
      төрағасы                                   Т.Садвақасов

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                    Ш.Құсайынов

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Бұланды ауданының әкімі                    М.Балпан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады