Бұланды аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 2015 жылғы 21 тамыздағы № 5С-40/2 шешімі

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына және «Нормативті құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 40 бабына сәйкес, Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Мына шешімдердің күші жойылды деп танылсын:
      1) «Бұланды ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 3853 тіркелген, 2013 жылғы 25 қазан № 43 «Вести Бұланды жаршысы» аудандық газеттінде жарияланған);
      2) «Бұланды ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Бұланды аудандық мәслихатының 2013 жылғы 30 қыркүйектегі № 5С-20/4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Бұланды аудандық мәслихатының 2014 жылғы 18 наурыздағы № 5С-25/6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 4098 тіркелген, 2014 жылғы 18 сәуірде № 16 «Вести Бұланды жаршысы» аудандық газеттінде жарияланған).
      2. Шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді

      Кезекті 40-сессияның
      төрағасы                                   Г.Желтов

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                    Ш.Құсайынов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады