«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналардың:
1) «Ішкі істер органдарының адрестік-анықтама жұмысы жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1995 жылғы 10 шілдедегі № 169 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 101 болып тіркелген) бұйрығының;
2) «Ішкі істер органдарының адрестік-анықтама жұмысы жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрінің 1995 жылғы 10 шілдедегі N 169 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 5 қарашадағы № 693 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2078 болып тіркелген) бұйрығының;
3) «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 28 қарашадағы № 631 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 20 қарашадағы № 618 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8209 болып тіркелген) бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы департаменті (С.С. Сайынов) белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдасын;
2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет- ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы департаментіне (С.С.Сайынов) жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің міндетін атқарушы
полиция генерал-майоры Р. Жақыпов