Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің "Ішкі істер органдарының адрестік-анықтама жұмысы жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" 1995 жылғы 10 шілдедегі № 169, "Ішкі істер органдарының адрестік-анықтама жұмысы жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрінің 1995 жылғы 10 шілдедегі N 169 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2002 жылғы 5 қарашадағы № 693, "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 28 қарашадағы № 631 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 20 қарашадағы № 618 бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 31 шілдедегі № 650 бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналардың:
      1) «Ішкі істер органдарының адрестік-анықтама жұмысы жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1995 жылғы 10 шілдедегі № 169 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 101 болып тіркелген) бұйрығының;
      2) «Ішкі істер органдарының адрестік-анықтама жұмысы жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрінің 1995 жылғы 10 шілдедегі N 169 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 5 қарашадағы № 693 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2078 болып тіркелген) бұйрығының;
      3) «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 28 қарашадағы № 631 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 20 қарашадағы № 618 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8209 болып тіркелген) бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы департаменті (С.С. Сайынов) белгіленген тәртіпте:
      1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдасын;
      2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет- ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы департаментіне (С.С.Сайынов) жүктелсін.
      4. Осы бұйрық қол қойған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Ішкі істер министрінің міндетін атқарушы
      полиция генерал-майоры                               Р. Жақыпов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады