"Iшкi iстер органдарының адрестiк-анықтама жұмысы жөнiндегi Нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Iшкi Iстер Министрiнiң 1995 жылғы 10-шiлдедегi N 169 Бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 5 қарашадағы N 693 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 9 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 2078. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 31 шілдедегі № 650 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 31.07.2015 № 650 бұйрығымен.

      Азаматтарды есепке алудың толықтығын және оларды тiркеудiң негiздiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасының халқын тiркеуге алатын бiрыңғай автоматтандырылған деректердiң банкiн құру, азаматтардың көшiп-қону процестерiн есепке алу жөнiндегi оның жұмысын автоматтандыру және әрi қарай жетiлдiру, Қазақстан Республикасының Iшкiiсминiнiң "Ақпаратты-өндiрiстiк орталық" РМК және iшкi iстер органдарының адрестiк бюролары арасындағы функцияның қосарланушылығын болдырмау, сондай-ақ келу-шығу парақтарының картотекасына енгiзiлген мәлiметтердiң түпнұсқалығын бақылау, тiркеудi ресiмдейтiн қызметкерлердiң жауапкершiлiгiн арттыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Iшкi Iстер Министрiнiң "Iшкi iстер органдарының адрестiк-анықтамалық жұмысы жөнiндегi Нұсқаулықты бекiту туралы" 1995 жылғы 10-шiлдедегi N 169 Бұйрығына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1) мәтiн бойынша "паспорттық аппараттар", "топтардың және паспорттық аппараттардың", "паспорттық-визалық қызмет бөлiмiнiң" сөздерi сәйкестiлiгiне қарай "көшi-қон полициясы бөлiмшелерi", "көшi-қон полициясы бөлiмшелерiнiң ", "көшi-қон полициясы бөлiмшелерi" сөздерiмен, "Iшкiiсминiнiң паспорттық-визалық қызмет басқармасы және IIБ-бөлiмдерi" сөздерi "Iшкiiсминiнiң Көшi-қон полициясы департаментi және IIББ-IIБ басқармалары" сөздерiмен ауыстырылсын;

      2) 1-тармақтың екiншi абзацында "облыстардың IIБ-да және Алматы қаласының IIББ-да ұйымдастырылды" сөздерi "облыстардың IIББ-IIБ және Қазақстан Республикасы Iшкiiсминiнiң "AӨO" РМК-да (әрi қарай - "АӨО" РМК) ұйымдастырылды";

      3) 5-тармақта "IIБ" сөзiнен кейiн "және "АӨО" РМК" сөздерiмен толықтырылсын;
      4) 7-тармақта топтардың "облыстық iшкi iстер органдары және паспорттық аппараттарының" сөздерi алынып тасталсын;
      5) 9-тармақта "Iшкiiсминiнiң, ҰҚК-нiң" аббревиатурасынан кейiн "Қорғаныс министрлiгiнiң, Қаржы полициясының" сөздерiмен толықтырылсын;

      6) 11-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Адрестiк бюролар Президенттiң және Yкiметтiң Аппараты қызметкерлерiне, Парламент депутаттарына, ҰҚК, Iшкiiсминi, Қаржы полициясы қызметкерлерiне, Прокуратураның, соттың, облыстардағы және Астана мен Алматы қалалары әкiмдiктерiнiң қызметкерлерiне осы ұйымдардың тiзiмдерiмен қоса берiлген арнайы хаттары негiзiнде ерекше картотека жүргiзедi. Олар бойынша анықтамалар осы ұйымдардың жазбаша келiсiмi арқылы берiледi.";

      7) 12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "12. Функционалдық мiндеттерi бойынша Халықты тiркеуге алуға жауапты көшi-қон полициясы аппаратының штаттық қызметкерлерi рәсiмдеп қол қойған облыс орталықтары мен республикалық және облыстық бағыныстағы қалалардан келген көшi-қон полициясының елтаңбалы нөмiрлiк мөрiмен расталған келу-шығу парақтары адрестiк бюроларға тiркеудi ресiмдеген және тiркеуден шығарған күннен кейiнгi күннен кешiктiрмей, ал, қалған iшкi iстер органдарынан келгендерi алфавит бойынша келу-шығу парақтарына жазылған жеке-жеке фамилиялық тiзiмдердi құрайтын iлеспе хаттарымен бiрге (2 қосымша) аптасына екi реттен кем емес мерзiмде адрестiк бюроларға жiберiледi.
      Азаматтарды тiркеу және тiркеуден шығару жөнiндегi қызметке рұқсаты бар көшi-қон полициясы қызметкерлерiнiң қолдарының үлгiсi және көшi-қон полициясы бөлiмшелерiнiң нөмiрлiк мөрлерiнiң ойылған таңбасы адрестiк бюроларға жiберiледi және олар өзгерген жағдайда жедел түрде жаңартылып отырады.
      Адрестiк бюроларға келiп түскен адрестiк парақтар сол күнi N 3 формалы (3 қосымша) кiтап бойынша есепке алынады.";

      8) 13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "13. Алғашқы әзiрлеме жүргiзу кезiнде фамилиялық тiзiмi бiрге келiп түскен адрестiк парақтарды салыстырып тексеру, адрестiк парақтардың толтырылу сапасын тексеру, қажеттi қолдардың және мөрлердiң болуын, оларды алфавит бойынша iрiктеу жүргiзiледi, бұдан кейiн олар дерекқорға енгiзiлу үшiн табысталады және картотекаға бөлiнiп салынады. Анықталған жетiмсiздiктерге немесе iлеспе тiзiмiмен қоса артық келiп түскен адрестiк парақтарға 2-данада акт жасалады, олардың бiреуi iшкi iстер органына тексеру және шара қолдану үшiн (артық адрестiк парақтармен қоса) қайтарылады.";

      9) 15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "15. Келу-шығу парақтарын әзiрлеудi және картотекаға бөлiп салуды "АӨО" РМК, облыстардың IIББ-ІІБ, iшкi iстер органдарының көшi-қон полициясы бөлiмшелерi олардың келiп түскен күнiнен 72 сағат өткенге дейiн жүзеге асырады."

      10) 20-тармақтың екiншi абзацында "келу және шығу парақтары" сөздерiнен кейiн "тұрақты мекенiн ауыстырған адамдарға" сөздерiмен толықтырылсын;

      11) 20-тармақтың екiншi және үшiншi тармақтарында "3 жыл", сөздерi "5 жыл" сөздерiмен ауыстырылсын, "6 жыл" сөзi "10 жыл сөзiмен" ауыстырылсын;

      12) 30, 31 және 38 тармақтарда "Iшкіісминi, ҰҚК" аббревиатурасынан кейiн "Қорғаныс министрлiгi, Қаржы полициясы" сөздерiмен толықтырылсын;

      13) 31-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
      "Сұрауларды жолдаған бөлiмше бастығының (қызметкерiнiң) қолы қойылып кеңседе тiркелуi тиiс. Қызметтiк адрестiк ақпараттарды шұғыл алу қажет болған кезде iшкi iстер органдарының жазбаша сұраулары олардың шұғыл орындалуына сiлтеме жасалып бөлiмшенiң бiрiншi басшысының немесе оның орынбасарының қолымен адрестiк бюроға ұсынылады.";

      14) 33-тармақтың екiншi абзацында "Журналдағы жазулар" сөздерi "Журналдар" сөзiмен ауыстырылсын;
      15) 40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "40. Мекемелерге, ұйымдарға (9-тармақта аталғандардан басқа) және азаматтарға олардың "АӨО" РМК-ң Адрестiк бюросына өтiнiш жасаған кезiнде анықтамалар келiсiмдi бағалар бойынша берiледi.";

      16) 41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "41. "АӨО" РМК адрестiк бюроларының қызметiн тұрақты пайдаланатын мекемелерге және ұйымдарға (9-тармақта аталғандардан басқа) қызмет көрсету туралы шарттар жасалады. Берiлетiн адрестiк ақпарат үшiн ақы төлеу мекемелер мен ұйымдар жасасқан шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.";

      17) 48-тармақтың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "48. Мемлекетаралық республикалық iздеудегi iздестiру және бақылау карточкалары адрестiк бюро картотекасынан облыстардағы Прокуратура немесе ҰҚК жанындағы ҚСжАО циркулярлары негiзiнде 2 тәулiктен аспайтын мерзiмге алынады. Мұндай карточкаларды алу және жою туралы циркулярларда белгi қойылады, кейiн олар сәйкестiлiгiне қарай ҚСжАО немесе Қазақстан Республикасының ҰҚК-не қайтарылады.";

      18) 50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "50. Адрестiк-анықтамалық жұмыс нәтижесi бойынша N 12 нысанда анықтама жасалады (12-қосымша), ол IIББ-IIБ Көшi-қон полициясы басқармасының, Қазақстан Республикасы Iшкiiсминi "Ақпаратты-өндiрiстiк орталық" РМК-ң бастығына (бағыныстылығына қарай) баяндалады, олар нәтижелердi қарап, осы қызметтiң мүмкiншiлiктерiн пайдалануды жақсарту бойынша нақты шаралар қабылдайды.";
      19) Нұсқаулықтың 2-қосымшасы осы бұйрықтың қосымшасы бойынша ауыстырылсын.

      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуге алынған күнiнен бастап күшiне енедi.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Iшкiiсминiнiң ККД (Нүкенов М.О.) және "Ақпаратты-өндiрiстiк орталық" РМК (Мұхамедов Н.Н.) жүктелсiн.
      4. Бұйрық Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының жеке құрамына жеткiзiлсiн.

       Министр
      генерал-полковник

Қазақстан Республикасының  
Iшкi Iстер Министрiнiң    
    2002 жылғы 5 қарашадағы N 693 
Бұйрығына 1 қосымша      
Нұсқаулыққа 2 Қосымша     

(IIБ-ң бұрыштама мөртаңбасы)
шығыс N_______________
20___ " "_____________

_______________________ Iшкiiсминiнiң, IIБ, РМК-ң адрестiк бюросына
20___ " " _______ мен 2020___ " " _______аралығындағы тiркелген
келу-шығуды тiркейтiн адрестiк парақтар, сонымен бiрге:
__________________________________________________________________
                            Тегi, аты-жөнi
N
п/п

КЕЛУ парағы

Жиыны: _______________ дана.
__________________________________________________________________
                            Тегi, аты-жөнi

N
п/п

ШЫҒУ парағы жолданады

Жиыны: ___________ дана.
Барлығы __________ дана.
_________________________________
(iшкi iстер органының атауы)

Көшi-қон полициясы бөлiмiнiң
(бөлiмшесiнiң) бастығы               (қолы)           (Тегi)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады