Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 31.07.2015 № 650 бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1427, «Тұрғылықты жері бойынша мекенжай анықтамаларын беру» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қазандағы № 1669 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2012 жылғы 17 ақпандағы № 231 және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімін бекіту туралы» 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулыларына орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 28 қарашадағы № 631 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу қағидаларын қолдану туралы нұсқаулықта:
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Формулярды толтыру кезiнде мынаны басшылыққа алу қажет.
«ПАСПОРТ, ЖЕКЕ КУӘЛIК БЕРIЛЕДI» деген нөмiрсiз жол тапсырыс берiлетiн құжаттың түрiне сәйкес жеке куәлiк және паспорт үшiн латынша «N» бас әрпiн қою арқылы толтырылады. Егер азамат тек жеке куәлiк немесе тек паспорт алса, екiншi жолда сызықша қойылады.
«ПАСПОРТ, ЖЕКЕ КУӘЛIК БЕРIЛЕДI» деген 1-жолда формулярды толтырудың бiр немесе бiрнеше себептердiң (7 кодқа дейiн) коды көрсетiледi, мысалы тегiн өзгертуi «04 жеке куәлiктiң жоғалуы «09», заңды мекенжайын ауыстыру «10» және т.б.
1-ақпараттық жолдағы кодтар мынадай тәртiпте көрсетiледi:
«00» коды формулярды 16 жасқа дейiнгi балаларға паспортты беруге толтыру кезiнде көрсетiледi, бұл ретте 9, 10, 11-жолдарда туу туралы куәлiгiнiң деректерi жазылады, формулярдың сыртқы бетiндегi бос орынға бар болса жеке сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрi – ЖСН) көрсетiледi. Балалардың жеке басын тексерiп, сәйкестендiрудi жүргiзу үшiн жеке өздерiнiң болуы мiндеттi.
Формулярды ресімдеу үшін ата-аналарының бірінің жеке куәлігі, тұрақты тұрғылықты жері бойынша баланың тіркелгенін растайтын мекенжай анықтамасы ұсынылады. Формулярдың сыртқы бетіндегі бос орынға ата-аналарының бірінің жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі, күні және берген орган, сондай-ақ егер бар болса, жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі және паспорттық елтаңбалық мөрімен расталады.
«01» коды 16 жасқа толған азаматтар үшiн көрсетiледi, бұл ретте 9, 10, 11-жолдарда туу туралы куәлiгiнiң деректерi жазылады.
Егер азамат 16 жасқа толғанға дейiн паспорт алған болса, 16 жасқа толғанда формулярды толтыру кезiнде 9, 10, 11-жолдарда оның паспортының деректерi көрсетiледi, ал формулярдың сыртқы бетiндегi бос орынға паспортты елтаңбалы мөрмен растап, туу туралы куәлiгiнiң деректерi жазылады.
Туу туралы куәлiктiң негiзiнде 16 жасқа толған азаматтарға жеке басын куәландыратын құжаттар ресiмдеу кезiнде ата-анасының бiрiнiң жеке куәлiгi және ата-анасының тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын азаматтарды тiркеу кiтабы ұсынылады.
Республикадан тыс жерлерде туған адамдарға туу туралы куәлiктiң негiзiнде формулярды толтыру Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемелерiнде берiлген туу туралы куәлiктi қоспағанда, халықаралық шарттардың нормаларына жауап беретiн құжаттар бойынша жүргiзiледi.
«04» коды азамат Т.А.Ә. өзгерткен кезде көрсетiледi, бұл ретте 9, 10, 11-жолдарда бұрынғы жеке куәлiгiнiң деректерi, ал 5-жолда бұрынғы тегi, ал 3 және 4-жолдарда азаматтың аты, әкесiнiң аты жазылады. Азаматтық хал актiсiне жазба енгiзе отырып, азаматтың Т.А.Ә. өзгерген жағдайда, анықтамалық деректердің өзгергені туралы куәліктің, неке қию туралы куәліктің деректері формулярдың сыртқы жағындағы бос орында көрсетiледi және паспорттық елтаңбалық мөрмен расталады».
Мемлекеттік тіркеу күннен бастап неке қиюды (бұзуды) азамат бір ай мерзімде жеке басын куәландыратын құжатты ауыстыруға міндетті.
«05» коды азамат туған күнiн өзгерткен кезде көрсетiледi, бұл ретте 9, 10, 11-жолдарда бұрынғы жеке куәлiгiнiң деректерi жазылады. Формулярдың сыртқы бетiндегi бос орында паспорттық елтаңбалық мөрмен расталатын, туған күнiн өзгерткені туралы куәлiктiң деректерi көрсетiледi. Анықтамалық деректерiн өзгерту негiзiнде («04», «05» коды) жеке куәлiк, паспорт алуға формулярды толтыру некеге тұруды, некенi бұзуға байланысты, сондай-ақ ұлты қазақ адамдардың ұлттық дәстүрге сәйкес тегiн өзгертудi қоспағанда, 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтамалық деректердi өзгерту туралы қорытынды (бұдан әрi – анықтамалық деректердi өзгерту туралы қорытынды) шығарылғаннан кейiн жүргiзiледi.
«Анықтамалық деректерді ауыстырудың шынайылығын анықтау үшін халықты құжаттандыруға және тіркеуге уәкілетті қызметкер тексеру материалын қалыптастырады, оған мынадай құжаттар:
азаматтың анықтамалық деректерін өзгерту туралы еркін нысандағы өтініші;
анықтамалық деректерін өзгерткені туралы куәлігі;
туу туралы акт жазбасының көшірмесі;
ауыстыруға жататын құжат (жеке куәлік, паспорт) жатады.
Анықтамалық деректердi ауыстыру туралы өтiнiштiң негiздiлiгiн растау кезiнде халықты құжаттандыруға және тiркеуге уәкiлеттi қызметкерi екi жұмыс күн мерзiмiнде анықтамалық деректердi ауыстыру бойынша қорытынды шығарады, оны Iшкi iстер басқармасының (бөлiмнiң) бастығы немесе оның орынбасарымен бекiтедi. Қорытындыны тiркеу анықтамалық деректерiн, ұлтын, туған жерiн ауыстыру, жеке басын тексеру бойынша және жеке басын куәландыратын құжаттарды беру, 1974 жылғы үлгiдегi паспортты жоғалту туралы 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша (бұдан әрi – қорытындыларды тiркеу журналы) тiркеу журналында тiркеледi. Тексеру материалы жеке номенклатуралық iске қалыптастырылады.
«06» коды жеке басын куәландыратын құжаттарда жiберiлген қателер табылған жағдайда көрсетiледi. Бұл ретте 9, 10, 11-жолдарда қате табылған жеке куәлiктiң немесе паспорттың, егер ол жеке куәлiктен бөлек ресiмделсе, деректерi жазылады. Егер дайындалған жеке басын куәландыратын құжаттарда өндiрiстiк ақауға жол берiлсе, жаңадан ресiмделген формулярмен бiрге бұрынғы формулярды және жiберiлген қатесi бар құжатты Қазақстан Республикасы IIМ КҚПК-ге жiберген жөн. Бұл ретте олар жалпы тiзiмге енгiзiлмей, жеке тiзiлiммен жiберiледi, ал жеке басты куәландыратын құжаттарды қайталап дайындау Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi «Ақпараттық-өндiрiстiк орталығы» Республикалық мемлекеттiк кәсiпорынның (бұдан әрi – «АӨО» РМК) есебiнен жүргiзiледi. Жаңа құжат дайындалғаннан кейiн бұрынғы (қатесi бар) құжат өндiрiстiк ақау ретiнде «АӨО» РМК жойылады, ал екi формуляр дайындалған құжатпен бiрге ресiмделген жерi бойынша қайтарылады. Егер қателерге халықты құжаттандыру және тiркеу уәкiлеттi қызметкерлерiнiң немесе формулярды толтырған қызметкерлерiнiң кiнәсiнен жол берiлген болса, онда Қазақстан Республикасы IIМ КҚПК-ге қате табылған жол көрсетiле отырып, нақты еместiгi туралы сыртқы бетiне жазба жазылып, растайтын құжаттың қосымшасы көшiрмесiмен паспорттық елтаңбалы мөрiмен расталған формуляр жiберiледi. Қатесi бар құжат iшкi iстер органында Қазақстан Республикасы азаматтарына паспорттар мен жеке куәлiктер беру және ресiмдеу жөнiндегi нұсқаулықтың (бұдан әрi – Нұсқаулық) 49-тармағында белгiленген тәртiппен жойылады.
Азаматтың фотосуретi деректер базасындағы жеке басын куәландыратын құжаттағы фотобейнемен сәйкес келмеуi анықталған кезде халықты құжаттандыруға және тiркеуге уәкiлеттi қызметкер құжаттандырылатын адамның жеке басын және құжаттардағы сәйкессiздiктiң себебiн мiндеттi түрде тексередi. Тексерiс нәтижелерi бойынша 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтың жеке басын тану хаттамасы (бұдан әрi – азаматтың жеке басын тану хаттамасы) толтырылады. Азаматтың жеке басын тану хаттамасы оның фотосуретi мен бiруақытта ұсынылған танылатын адамның сыртқы келбетiмен мүмкiндiгiнше ұқсас келетiн басқа адамдардың кемiнде үш фотосуретi бойынша, жақын туыстарын немесе азаматты 10 жылдан артық уақыт бiлетiн адамдарды (екi немесе одан да көп адам) тарта отырып толтырылады, осыдан кейiн екi жұмыс күн iшiнде қорытынды шығарылып, формулярмен бiрге, жарамсыз паспорттарды, жеке куәлiктердi, 1974 жылғы үлгiдегi паспорттарды, уақытша жеке куәлiктердi, шекара аймағындағы тұрғындардың куәлiктерi, 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған формулярлардың бланкiлерiн толтыру кезiнде бүлiнген бланкiлердi жою туралы актiнi (бұдан әрi - жою туралы актi) Қазақстан Республикасы IIМ КҚПК-ге жолданады. Қорытынды тiркеу қорытындыларды тiркеу журналында жүргiзiледi.
«07» коды құжат пайдалануға жарамсыз болған жағдайда (бүлiну, ескiру, техникалық ақаулар, паспорттың барлық беттерiн пайдалану, жеке басын куәландыратын құжатта ЖСН болмауы) көрсетiледi. Бұл ретте 9, 10, 11-жолдарында жарамсыз құжаттың деректерi жазылады, ал формулярдың екiншi бетiнiң бос орнында құжаттың жарамсыздығының нақты себебi көрсетiледi. Бүлiнуiне, ескiруiне, адамды сәйкестендiру мүмкiн болмауына байланысты пайдалануға жарамсыз құжат формулярды толтыру кезiнде алынады, бұл ретте азаматтың қалауы бойынша уақытша жеке куәлiк берiледi.
Сондай-ақ «07» коды формулярды ресімдеген кезде «қажет етілмеген» себебі бойынша деректер базасында жарамсыздар қатарына енгізілген құжаттың негізінде көрсетіледі.
«08» коды азамат өзiнiң ұлтын өзгерткен кезде көрсетiледi. Паспортта және жеке куәлiкте ұлты туралы жазба ата-аналарының ұлтына сәйкес жүргiзiледi. Ата-аналары әр түрлi ұлттан болған жағдайда, Қазақстан Республикасының азаматы әкесiнiң немесе анасының ұлты бойынша еркiн таңдау құқығы бар.
Ата-анасының ұлты белгiсiз болған жағдайда, оны құжат иесi Қазақстан Республикасы Конституциясының 19-бабына сәйкес айқындайды.
Азаматтардың жеке куәлiктерiнде және паспорттарында ұлты туралы жазбаны өзгертудi олардың жазбаша өтiнiштерi бойынша iшкi iстер органдары туу туралы куәлiктiң және қолдаухаттың негiздiлiгiн растайтын өзге де құжаттар негiзiнде бiр рет жүргiзiледi.
Ұлтын өзгерту туралы өтiнiштiң негiздiлiгi расталған кезде халықты құжаттандыруға және тiркеуге уәкiлеттi қызметкер екi жұмыс күн мерзiмiнде ұлтын өзгерту бойынша қорытынды шығарады, оны Iшкi iстер басқармасының (бөлiмнiң) бастығы немесе оның орынбасары бекiтедi және қорытындыларды тiркеу журналында тiркеледi. Тексеру материалдары бөлек номенклатуралық iсте қалыптастырылады.
Бұл ретте 9, 10, 11-жолдарда бұрынғы жеке куәлiктiң (немесе паспорттың шетелде тұратындар үшiн) деректерi жазылады, ал формулярдың артқы бетiнде бос орында елтаңбалы мөрмен расталған ұлтты өзгерту туралы қорытынды нөмiрi мен күнi қойылады. 8-жолда азаматтың жаңа ұлты, ал 8-жолдың астына бұрынғы ұлты жазылады.
Бiр уақытта халықты құжаттандыруға және тiркеуге уәкiлеттi қызметкер азаматқа ұлты туралы жазбаның өзгертiлгенi туралы анықтама бередi, ол тиiстi азаматтық хал актiлерiндегi жазбаларда ұлты туралы мәлiметтерге өзгерiстер енгiзу үшiн өзiнiң тұрақты тұрғылықты жерi бойынша азаматтық хал актiлерi жазбалары (бұдан әрi - АХАЖ) органдарына ұсынылады.
Сондай-ақ «08» коды азамат жеке басын куәландыратын құжаттарда ұлтын көрсеткiсi келмеуiне байланысты, оларды ауыстырғанда формулярды толтыру кезiнде көрсетiледi. Бұл жағдайда 8-жол толтырылмайды, онда «999» коды қойылады.
Азаматтардың паспорттарында, жеке куәлiктерiнде ұлты туралы жазбаны өзгерту туралы даулар сот тәртiбiмен шешiледi.
Ерекше жағдайда Қазақстан Республикасының аумағына қуғын-сүргін кезінде күштеп жер аударылған Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттарындағы, жеке куәліктеріндегі ұлты туралы жазбаны өзгертуге рұқсат беріледі. Ұлтын өзгерту «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 20 мамырдағы № 1612 Заңына сәйкес берілетін ақтау туралы анықтамалардың негізінде жүргізіледі.
«09» коды азамат жеке куәлiгiн жоғалту себебi бойынша формулярды толтыру кезiнде көрсетiледi.
Картотекада формулярдың түпнұсқасы болмаған жағдайда формулярдың түпнұсқасы жоғалғаны туралы акт жасалады.
Жеке басын және жоғалған жеке куәлiктер туралы мәлiметтердi растау үшiн Қазақстан Республикасы IIМ КҚПК деректер базасынан IIМ КҚПК паспортты елтаңбалық мөрiмен расталған фотосуретi бар ақпарат сұратады.
Жоғалған жеке куәлiктерiн басқа өңiрлерден алған азаматтар өтiнiш бiлдiрген жағдайда, ХТҚ ТП жоқ көшi-қон полициясы бөлiнiстерi куәлiк иесiнiң сәйкестiгiн растау және жоғалған құжат туралы мәлiметтер беру үшiн 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша фотосуреттерi бар (1-нысанды формулярлардың 1974 жылғы үлгiдегi паспорттар үшiн) көшiрмелерiн ұсыну туралы сұрау салу жiбередi.
Формулярдың (1-нысанды) көшiрмесiн ұсыну туралы сұрау салуға жауап азаматтан өтiнiш келiп түскен келесi күннен кешiктiрмей 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жолданады.
Жеке басты куәландыратын құжаттарды жоғалтумен байланысты сұрау салулар азаматтардың өтініштері келіп түскен күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей жолданады, ал жауаптар олар келіп түскеннен кейін 48 сағаттан кешіктірмей сұрау салу бастамашысына жіберіледі.
Формулярдың 9, 10, 11-жолдарында жоғалған жеке куәлiктiң деректерi жазылады. Паспорты бар болса, 9, 10, 11-жолдарда қолындағы паспортының деректерi көрсетiледi. Формулярдың сыртқы бетiне жоғалған құжатты қалпына келтiру туралы азамат өтiнiшiнiң нөмiрi және күнi жазылады.
Азаматтың қолында жеке басын куәландыратын құжаттың бiреуi болған жағдайда (жеке куәлiк және паспорт) жеке тұлғаны сәйкестендiру қолында бар құжатпен деректер базасында жүргiзiледi.
Азаматтар жеке куәлiгiн жаңа тұрғылықты жерге көшу кезiнде жоғалтқан жағдайда, жоғалған жеке куәлiктi қалпына келтiрудi iшкi iстер органдары жаңа тiркелген орны бойынша жүргiзедi.
Iшкi iстер органдарына келiп түскен, табылған және келiп түскен күннен бастап бiр жыл iшiнде иелерi талап етпеген жеке куәлiктер осы Нұсқаулықтың 49-тармағында белгiленген тәртiппен табылған, бiрақ талап етiлмеген ретiнде жойылады.
Жеке басты куәландыратын құжаттың жоғалғаны туралы хабарлаған азаматтың өтiнiшi бойынша оған тұрғылықты жерi бойынша тiркелетiн уақытша жеке куәлiк берiледi.
Жеке куәлiктердi тұрғылықты емес жерiнде жоғалтқан жағдайда iшкi iстер органдары азаматтардың арызы бойынша оларға тұрғылықты жерлерiне оралу үшiн уақытша жеке куәлiк бередi, жоғалтқан жеке куәлiктi беру және жеке басын растайтынын тексеруi халықты құжаттандыруға және тiркеуге уәкiлеттi қызметкерлер деректер базасы бойынша iске асырады.
«10» коды азамат заңды мекенжайын ауыстырған кезде көрсетiледi.
Егер қала немесе облыс iшiнде заңды мекенжайы өзгерген кезде азаматтың жеке куәлiгiнiң "заңды мекенжайы" деген бағанында тек ол тұратын қала немесе облыс көрсетiлген болса, жеке куәлiгi ауыстырылмайды.
Егер жеке куәлiгiнде тiркелген жаңа мекенжайына сәйкес келмейтiн толық заңды мекенжайы (қала, аудан, көше, үй, пәтер) көрсетiлген болса, жеке куәлiктi ауыстыру қажет етiледi.
9, 10, 11-жолдарда азаматтың жеке куәлiгiнiң деректерi жазылады. Бұл ретте 14-жол (бұрынғы тұрғылықты жерi) мiндеттi түрде толтырылады.
«11» коды жеке куәлiк пен паспорт төмендегi жағдайларда алғаш ресiмдеген кезде: 1974 жылғы үлгiдегi бұрынғы КСРО паспортын ұсынған немесе оны жоғалтуына байланысты қалпына келтiрген, азаматтығы жоқ адам куәлiгiн ұсынған кезде Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң 2002 жылғы 23 тамыздағы № 556 бұйрығымен бекiтiлген «Қазақстан Республикасының азаматтығына байланысты мәселелердi Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының қарауы жөнiндегi нұсқаулыққа» (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 2045 тiркелген) 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаны туралы анықтама (бұдан әрi – 5 нысанды анықтама) қоса тапсырылса көрсетiледi.
1974 жылғы үлгiдегi бұрынғы КСРО паспорты бойынша құжаттандыру үшiн азаматтардан: жеке басты куәландыратын құжаттарды уақтылы алмау себептерi көрсетiлген еркiн нысандағы өтiнiш, барлық тұрған жерiн, оқу, жұмыс орындарын көрсете отырып, толық өмiрбаян, 1974 жылғы үлгiдегi бұрынғы КСРО паспорты, азаматтарды тiркеу кiтабы (мекенжай анықтамасы), әскери мiндеттiлер үшiн әскери билет (немесе әскери тiркеу туралы мәлiметтi растайтын құжат) қабылданады. Халықты құжаттандыруға және тiркеуге уәкiлеттi қызметкерлер осы Нұсқаулықтың 20-тармағында белгiленген тәртiппен куәландырылған 1974 жылғы үлгiдегi бұрынғы КСРО паспортының, азаматтарды тiркеу кiтабының, әскери билеттiң, (немесе әскери тiркеу туралы мәлiметтi растайтын құжаттың) көшiрмелерi тексеру материалына тiгiледi.
Паспорттардағы тіркеу мөртаңбасының шынайылығы күмән тудырған немесе болмаған кезде халықты құжаттандыруға және тіркеуге уәкілетті қызметкер азаматты оның азаматтығын растау үшін Қазақстан Республикасының аумағында тіркелу заңдылығына тексеру жүргізеді. Тіркеу туралы мәліметтер аумақтық ішкі істер органдарының картотекалары, ауылдық, ауылдық округтердің шаруашылық кiтаптары бойынша тексеріледі. Тіркелу фактісін анықтау үшін бұрынғы тұрған жерлері бойынша сұрау салулар жіберіледі.
Аталған адамға паспорттың берiлгенiн және фотосуреттердiң ұқсастығын растау, сондай-ақ ерекше белгiлерiнiң (шетел мемлекетiнiң азаматтығы туралы, ауыстыру, паспортты жоғалту, құзыреттi органдардың сұрау салулары туралы) болуына тексеру жүргiзу үшiн халықты құжаттандыруға және тiркеуге уәкiлеттi қызметкерлер мiндеттi түрде 15-қосымшаға сәйкес суретi бар формулярдың көшiрмесiн (1-нысанды) және оның берiлгенiн растайтын, 1974 жылғы үлгiдегi паспорттарды есепке алу бойынша 2-нысанды кiтаптан (бұдан әрi – 2-нысанды кiтап) жазбаларды ұсыну туралы сұрау салу жолдайды.
Паспортты елтаңбалы мөрмен расталған 1-н көшiрмесi және 2-н кiтабынан алынған мәлiметтер тексеру материалдарына тiгiледi.
Сондай-ақ, халықты құжаттандыруға және тiркеуге уәкiлеттi қызметкер азаматты Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуы немесе оны жоғалтуы, республикадан тыс жерге тұрақты тұруға кетуi, шетелдiк ретiнде республика аумағына тiркелуi жөнiнде тиiстi есептер бойынша тексередi. Тексеру бойынша мәлiметтер тексеру материалдарына тiгiледi.
Жеке басын анықтау үшiн халықты құжаттандыруға және тiркеуге уәкiлеттi қызметкер азаматтың фотосуретi мен онымен бiрге ұсынылған танылатын адамның сыртқы келбетiмен мүмкiндiгiнше ұқсас келетiн басқа адамдардың кемiнде үш фотосуретi бойынша жақын туыстарын немесе азаматты 15 жылдан артық уақыт бiлетiн адамдарды (екi немесе одан да көп адам) тарта отырып, адамның жеке басын тану хаттамасын толтырады.
Азаматтың жеке басын анықтау және Қазақстан Республикасының азаматтығына тиесiлiгi расталған жағдайда, халықты құжаттандыруға және тiркеуге уәкiлеттi қызметкерлер 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорытынды (бұдан әрi - жеке басын тексеру және жеке басын куәландыратын құжаттар беру қорытындысы) шығарып, ол жеке басын куәландыратын құжаттарды беру және жеке басын тексеру нәтижесi бойынша қорытындыларды тiркеу журналына тiркеледi, оның нөмiрi мен күнi формулярдың екiншi бетiнде көрсетiлiп, паспорттық-елтаңбалық мөрмен бекiтiледi. 1974 жылғы үлгiдегi бұрынғы КСРО паспорты берілгенін растайтын 5-нысандағы анықтама мен 1-нысан көшірмесі болған жағдайда, тексеру материалын қалыптастыру жүргізілмейді, бұл ретте 1-нысандағы көшірмені 5-нысандағы анықтаманың көшірмесімен бірге азаматтық және иммиграция бөлімі береді.
Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тiркелгенiн растайтын құжаттар болмаған кезде, оның iшiнде 1992 жылғы 1 наурызға немесе азаматтар Қазақстан Республикасының тiркеу есебiнен шығарылған және тоғыз ай iшiнде Қазақстан Республикасының аумағында жаңа келген орны бойынша тiркелмеген болса, халықты құжаттандыруға және тiркеуге уәкiлеттi қызметкер азаматтың азаматтығын анықтауға тексеру жүргiзедi, тексеру аяқталғаннан кейiн оған 5-нысанды анықтама берiлiп, ол Қазақстан Республикасы азаматының паспортымен және жеке куәлiгiмен құжаттандыру үшiн негiз болып табылады. 5-нысандағы анықтама болған жағдайда қосымша тексеру материалдары қалыптастырылмайды. Формулярды ресiмдеу кезiнде Қазақстан Республикасының азаматтығына тиесiлiгi туралы анықтаманың нөмiрi мен күнi формулярдың екiншi бетiндегi бос орында көрсетiледi және паспорттық-елтаңбалық мөрмен расталады.
1974 жылғы үлгiдегi бұрынғы КСРО паспортын жоғалтқан кезде құжаттандырылу үшiн азаматтардан:
жеке басын куәландыратын құжаттарды уақтылы алмау және жоғалту себептерi көрсетiлген еркiн нысандағы өтiнiш;
барлық тұрған, оқыған, жұмыс iстеген жерлерi көрсетiлген толық өмiрбаян;
азаматтарды тiркеу кiтабы (мекенжай анықтамасы);
әскери мiндеттiлер үшiн әскери билет (немесе әскери тiркеу туралы мәлiметтердi растайтын құжат) қабылданады.
Халықты құжаттандыруға және тiркеуге уәкiлеттi қызметкерлер осы Нұсқаулықтың 20-тармағында белгiленген тәртiпте куәландырылған азаматтарды тiркеу кiтабының, әскери билеттiң (немесе әскери тiркеу туралы растайтын мәлiметтiң) көшiрмелердi тексеру материалына тiгедi.
Халықты құжаттандыруға және тiркеуге уәкiлеттi қызметкерлер аталған адамға паспорттың берiлгенiн және фотосуреттердiң ұқсастығын растауға, азаматтарды және Қазақстан Республикасының азаматтығын растау үшiн Қазақстан Республикасы аумағында тiркелу заңдылығына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу мәнiне iшкi iстер органдарының есебi бойынша немесе оны жоғалту, республикадан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуге, республика аумағында шетел азаматы ретiнде тiркелуiне тексеру жүргiзедi. Тексеру бойынша мәлiметтер тексеру материалдарына тiгiледi.
Халықты құжаттандыруға және тiркеуге уәкiлеттi қызметкер азаматтың фотосуретi мен бiруақытта ұсынылған танылатын адамның сыртқы келбетiмен мүмкiндiгiнше ұқсас келетiн басқа адамдардың кемiнде үш фотосурет бойынша, жақын туыстарын немесе азаматты 15 жылдан артық уақыт бiлетiн адамдарды (екi немесе одан да көп адам) тарта отырып, адамның жеке басын тану хаттамасын толтырады.
Азаматтардың 1974 жылғы үлгiдегi бұрынғы КСРО паспорттарын жоғалту туралы өтiнiштерiнiң негiзiнде 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 1974 жылғы үлгiдегi паспортты жоғалтқаны туралы iс басталады. Осы iске тiркеу нөмiрi берiледi: алымы - өтiнiштердiң тiркеу нөмiрi, бөлiмi - ағымдағы жылдағы iстердiң реттiк нөмiрi. 1974 жылғы үлгiдегi КСРО паспорттарын жоғалту туралы iстер 19-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 1974 жылғы үлгiдегi КСРО паспорттарын жоғалту туралы iстердi тiркеу журналында тiркеледi.
Азаматтың жеке басы анықталған және Қазақстан Республикасы азаматтығына тиесiлiгi расталған жағдайда, халықты құжаттандыруға және тiркеуге уәкiлеттi қызметкерлер екi жұмыс күнi iшiнде жеке басын тексеру нәтижелерi және жеке басын куәландыратын құжаттарды беру бойынша қорытынды шығарады, оны Iшкi iстер басқармасының (бөлiмiнiң) бастығы не болмаса оның орынбасары бекiтедi және қорытындыларды тiркеу журналында тiркеледi.
Формулярдағы 9, 10, 11-жолдарда жоғалған 1974 жылғы үлгiдегi бұрынғы КСРО паспортының деректерi жазылады, формулярдың сыртқы бетiндегi бос орынға паспортты елтаңбалық мөрмен куәландырылған жоғалту туралы iстiң нөмiрi мен күнi жазылады.
Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тiркелгенiн растайтын құжаттар болмаған кезде, оның iшiнде 1992 жылғы 1 наурызға немесе азаматтар Қазақстан Республикасының тiркеу есебiнен алынған болса және тоғыз ай iшiнде Қазақстан Республикасының аумағында жаңа келген орны бойынша тiркелмеген болса, халықты құжаттандыруға және тiркеуге уәкiлеттi қызметкер азаматтың азаматтығын анықтауға тексерiс жүргiзедi, аяқталғаннан кейiн Қазақстан Республикасы азаматының паспортымен және жеке куәлiгiмен құжаттандыру үшiн негiз болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтығына тиесiлiгi туралы анықтама берiледi.
5-нысандағы анықтама болған жағдайда қосымша тексеру материалдары жинақталмайды формулярды ресiмдеген кезде Қазақстан Республикасының азаматтығына тиесiлiгi туралы анықтаманың нөмiрi мен күнi формулярдың екiншi бетiндегi бос орында көрсетiледi және паспорттық елтаңбалық мөрмен расталады.
Жеке басты куәландыратын құжаттар алу үшiн қолдаухатпен алғаш рет өтiнiш бiлдiрген және туу туралы куәлiгiн ұсынған 18 жастан асқан адамдарға формулярды ресiмдеу туралы шешiм олардың жеке басын тексерiп, Қазақстан Республикасы азаматтығына тиесiлiгiн анықтағаннан кейiн қабылданады. Халықты құжаттандыруға және тiркеуге уәкiлеттi қызметкер жеке басын куәландыратын құжаттар алу мәселесi бойынша өтiнiш берушi адамнан:
жеке басты куәландыратын құжатты уақтылы алмау себебi көрсетiлген еркiн нысандағы өтiнiш;
барлық тұрған жерi, оқу, жұмыс орындары толық көрсетiлген өмiрбаян;
азаматтарды тiркеу кiтабын (мекенжай анықтамасы);
туу туралы куәлiгiн;
әскери мiндеттiлер үшiн әскери билет (немесе әскери тiркеу туралы мәлiметтердi растайтын құжат);
ата-анасының бiреуiнiң жеке басын куәландыратын құжаттарын қабылдайды.
Халықты құжаттандыруға және тiркеуге уәкiлеттi қызметкерлер осы Нұсқаулықтың 20-тармағында белгiленген тәртiппен растаған туу туралы куәлiктiң, азаматтарды тiркеу кiтабының, шақыру билетiнiң не болмаса әскери билеттiң және ата-анасының бiреуiнiң жеке басын куәландыратын құжаттарының көшiрмелерiн тексеру материалына тiгедi.
Ұсынылған туу туралы куәлiктi растау үшiн халықты құжаттандыруға және тiркеуге уәкiлеттi қызметкерлер АХАЖ органдарынан туу туралы акт жазбасының көшiрмесiн сұратады.
Халықты құжаттандыруға және тiркеуге уәкiлеттi қызметкерлер жақын туыстарын (бiр немесе одан да көп), олар болмаған жағдайда, оны 5 жылдан кем бiлмейтiн (екi адамнан кем емес) адамдарды тарта отырып, оның жеке басын растау анықтамасын толтырады.
Екi жұмыс күнi iшiнде жеке басын тексеру және жеке басын куәландыратын құжаттарды беру нәтижелерi бойынша қорытынды шығарылады, оған iшкi iстер басқармасының (бөлiмiнiң) бастығы немесе оның орынбасары бекiтедi, содан кейiн ол қорытындыларды тiркеу журналында тiркеледi.
Формулярдағы 9, 10, 11-жолдарда туу туралы куәлiктiң деректерi жазылады, сыртқы бетiндегi бос орынға паспортты елтаңбалық мөрмен куәландырылған жеке басын тексеру және жеке басын куәландыратын құжаттар беру туралы қорытындының нөмiрi мен күнi, 5-нысан берiлетiн анықтаманың нөмiрi мен күнi (оның болған жағдайда) жазылады.
Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттары және Қазақстан Республикасы аумағында кәмелеттiк жасқа дейiн тұрақты тiркеуде жоқ 18 жастан асқан адамдар, Қазақстан Республикасы азаматтығына тиесiлi анықтау үшiн халықты құжаттандыруға және тiркеуге уәкiлеттi қызметкер тексерiс жүргiзедi, аяқталғаннан кейiн оларға Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгiмен және паспортымен құжаттандыру үшiн негiз болатын Қазақстан Республикасының азаматтылығына тиесiлiгi туралы анықтама берiледi.
5-нысандағы анықтама болған жағдайда тексеру материалдары жинақталмайды.
Формулярды ресiмдеу кезде 5-нысан анықтаманы беру күнi мен нөмiрi формулярдың екiншi бетiндегi бос орында көрсетiледi және паспорттық елтаңбалық мөрмен расталады.
Бұл ретте жоғалған 1974 жылғы үлгiдегi бұрынғы КСРО паспортының сериясы, нөмірі, күні мен оны берген орган 5-нысандағы анықтаманың сыртқы бетіне жазылады және елтаңбалық мөрмен расталады.
1974 жылғы үлгiдегi бұрынғы КСРО паспорты берілгенін растайтын 5-нысандағы анықтама мен 1-нысан көшірмесі болған жағдайда, тексеру материалын қалыптастыру жүргізілмейді, бұл ретте 1-нысандағы көшірмені 5-нысандағы анықтаманың көшірмесімен бірге азаматтық және иммиграция бөлімі береді.
«Азаматтар Қазақстан Республикасының азаматтығына тиесілігі туралы 5-нысандағы анықтаманы оларды бергеннен кейін кемінде бір жыл өткен соң ұсынса, олар 5-нысандағы анықтаманы қайта алуға жіберіледі.
5-нысандағы анықтамалар (немесе олардың телнұсқалары) аумақтық бөліністерде ұдайы сақталуы тиіс).
«12» коды Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдаған адамдарға формуляр толтыру кезінде көрсетiледi. Бұл ретте 9, 10, 11-жолдарда Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдағаны туралы анықтама деректері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 23 тамыздағы № 556 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2045 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының Қазақстан Республикасының азаматтығымен байланысты мәселелерді қарауы жөніндегі нұсқаулыққа 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша (бұдан әрі – 6-нысандағы анықтама) жазылады. 15-жолда бұрынғы азаматтығы (азаматтығы жоқ адамдар үшін – АЖТ «990» коды), сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдаған күні жазылады.
Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау туралы Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының (бұдан әрі – Жарлық) нөмірі немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын оңайлатылған тәртіппен қабылдау туралы ішкі
істер органдарының қорытындысы формулярдың сыртқы бетіндегі бос орында көрсетіледі және паспорттық елтаңбалық мөрмен расталады.
Бұрын ата-аналарымен бірге Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылданған балаларға Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін немесе паспортын ресімдеуді олардың ата-аналарын Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы анықтамалардың немесе анықтама телнұсқаларының негізінде жүзеге асыру қажет. Формулярдың сыртқы бетіндегі бос орында туу туралы куәліктің нөмірі, күні және берген орган, сондай-ақ Жарлықтың нөмірі не болмаса Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы ішкі істер органдарының қорытындылары көрсетіледі.
Ата-аналарын Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы анықтамада балалары болмаған жағдайда, балаларды ресімдеу «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес туу туралы куәліктің негізінде жүзеге асырылады.
Заңдастырылмауына немесе апостиль қойылмауына байланысты туу туралы куәліктер формуляр ресімдеу үшін негіз бола алмаған жағдайларда, балаларды ресімдеу балалардың анықтамалық деректерін көрсете отырып, олардың ата-аналарына ішкі істер органдары беретін 6-нысандағы анықтаманың ұсынылған телнұсқалары бойынша жүзеге асырылады. Формулярдың сыртқы бетіндегі бос орында 6-нысандағы анықтаманың телнұсқасы оның атына берілген ата-анасының жеке куәлігінің нөмірі, күні және берген орган, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаған Жарлықтың нөмірі міндетті түрде көрсетіледі.
Бұрын ата-аналарымен бірге Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылданған, бірақ Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарды уақтылы алмаған 18 жастан асқан адамдарды ресімдеу ішкі істер органдары қайта беретін Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы 6-нысандағы анықтаманың негізінде жүзеге асырылады.
6-нысандағы анықтамалар (немесе олардың телнұсқалары) аумақтық бөліністерде ұдайы сақталуы тиіс.
«13» коды тек паспорт жоғалтқан азаматтарға формуляр толтыру кезiнде көрсетiледi. Бұл ретте формулярдағы 9, 10, 11-жолдарда жеке куәлiктiң деректерi жазылады, сыртқы бетiндегi бос орынға азаматтың паспортты қалпына келтiру туралы өтiнiшiнiң паспортты елтаңбалық мөрмен куәландырылған нөмiрi мен күнi жазылады.
16 жасқа дейiн балаға дайындалған паспорт жоғалған жағдайда, құжатын қалпына келтiру туралы өтiнiштi оның ата-анасының бiреуi немесе заңды өкiлi жазады.
«14» коды формулярды елдi мекен атауының өзгеруiне байланысты ресiмдеу кезiнде көрсетiледi. 14-жол толтырылмайды, ал 9, 10, 11-жолдарда қолындағы жеке куәлiгiнiң деректерi жазылады.
«15» коды формулярды Қазақстан Республикасында тұрақты тұру үшiн шетелден қайтып оралған Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке куәлiк ресiмдеу кезiнде көрсетiледi. Бұл ретте 14-жол (бұрынғы тұрғылықты жерi) толтырылады, ал 9, 10, 11-жолдарда арызданушының қолындағы Қазақстан Республикасы паспортының деректерi жазылады.
«16» коды құжаттарды дайындаудың жаңа технологиясына сәйкес олардың түрлерiнiң өзгеруiне байланысты иесiнiң қалауы бойынша формулярды жеке куәлiкке және паспортқа ресiмдеу кезiнде көрсетiледi.
«17» коды жеке куәлiк немесе паспорттың негiзiнде алғаш рет құжат алуға формуляр толтыру кезiнде көрсетiледi. Бұл ретте 9, 10, 11-жолдарда қолындағы жеке куәлiгiнiң немесе паспортының деректерi жазылады.
«18» коды жеке басын куәландыратын құжаттың жарамдылық мерзiмi өтуiне байланысты формуляр толтыру кезiнде көрсетiледi, ал 9, 10, 11-жолдарда өтiнiш иесiнiң қолындағы жеке куәлiгiнiң деректерi жазылады. Формулярды толтыруға жеке басты куәландыратын құжаттың жарамдылық мерзiмiнiң өтуiне бiр ай қалғанда рұқсат етiледi.»;
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«22. Құжаттандыру мәселелері бойынша азаматтар ұсынған құжаттың түпнұсқалығына немесе Қазақстан Республикасының азаматтығына тиесілігі күмән тудырса, сондай-ақ халықты құжаттандыруға және тіркеуге уәкілетті қызметкер формулярды негiзсiз ресiмдегені анықталған кезде құжаттандырылатын адамның жеке басын қосымша тексеру жүргізіледі.
Жоғарыда көрсетiлген санаттағы азаматтарды тексеру аяқтағаннан кейiн халықты құжаттандыруға және тiркеуге уәкiлеттi қызметкер екi жұмыс күнi iшiнде олардың жеке басын анықтау және жеке басын куәландыратын құжаттарды беру бойынша қорытынды шығарады, оны iшкi iстер басқармасының (бөлiмiнiң) бастығы немесе оның орынбасары бекiтедi, содан кейiн қорытындыларды тiркеу журналына тiркейдi.»;
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«27. Толтыру негiздiлiгiне және дұрыстығына формулярларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауға байланысты ресiмделген адамдарды және оңайлатылған тәртiпте Қазақстан Республикасы азаматтығын қабылдаған адамдар бойынша iшкi iстер органының тiзiмдерiмен және Жарлықпен салыстыра тексергеннен кейiн iшкi iстер департаменттерi аудандық, қалалық бөлiнiстерден алған тiзiлiмдер мен формулярлардың негiзiнде IIМ КҚПК формулярларды жөнелту үшiн аудандық, қалалық көшi-қон полициясы бөлiнiсiнiң атауын, аудандық, қалалық тiзiлiмдердiң шығыс нөмiрлерiн және толтырылған күнiн, олардағы формулярлардың санын көрсете отырып, 21-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үш данада жиынтық тiзiлiмiн (бұдан әрi – жиынтық тiзiлiм) толтырады.
Бiрiншi және екiншi санатты жеделдiк бойынша толтырылған формулярлар үшiн iшкi iстер департаменттерiнде тексеру мерзiмi келiп түскен күннен бастап бiр жұмыс күнiн, үшiншi санатты жеделдiк – екi жұмыс күнiн, қарапайым тәртiппен толтырылған формулярлар үшiн, толтырылған күннен бастап бес жұмыс күнiне дейiн құрайды.
Жиынтық тiзiлiмдеріне Ішкі істер департаментi халықты құжаттандыру және тіркеу бөлiмiнiң бастығы қол қояды және аудандық (қалалық) бөлiністер тiзiлiмдерiнiң екiншi данасын қоса отырып, ІІМ КҚПК-ға жiберiледi, жиынтық тізілімнің бір данасы мен аудандық (қалалық) бөлініс тізілімінің бір данасы Ішкі істер департаментінің жеке номенклатуралық iсiнде қалады.
Iшкi iстер департаменттерiн тексерген кезде пысықтауға жататын анықталған формулярлар алу себебiн мiндеттi көрсете отырып, аудандық, қалалық бөлiнiстер тiзiлiмдерiнен алынады және жиынтық тiзiлiмдердi құрастырған кезде есепке алынбайды.»;
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«28. ІІМ КҚПК деректер базасындағы адам туралы мәлiметтердiң сәйкес келмеуiне байланысты «АӨО» РМК-дан формулярларды қайтару кезiнде негiзсiз құжаттандыру фактiлерiн анықтау бойынша жұмыс жүргiзедi.
Аудандық, қалалық бөлiністердің тiзiлiмдері мен Ішкі істер департаментi бөлiмiнiң тiзiлiмдері бар формулярлар құжаттар дайындау үшiн ІІМ КҚПК-ден «АӨО» РМК-ның өндiрiсiне жолданады, содан кейін оларды одан әрі ішкі істер департаменттерiне жiберу үшiн формулярлармен және дайын құжаттармен бiрге қайтарылады.
«Іздестіру» белгісі бар дайын құжаттар «АӨО» РМК-дан келіп түскен кезде оларды жеке тізіліммен іздестірудегі ресімделіп жатқан орны бойынша Ішкі істер департаментінің Көші-қон полициясы басқармасына жібереді.»;
34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«34. Берiлген жеке куәлiктер, паспорттарға арналған формулярлар iшкi iстер органдарында арнайы картотекаларда сақталады. Бұл ретте бiр азаматтың анық деректерiне түрлi себептер бойынша ресiмделген формулярлар бекiтiледi және бiрге сақталады. Азаматтың тегiн ауыстыруы бойынша ресiмделген формуляр картотекада әлiпбиге сәйкес басқалардан бөлек қойылады, бұл ретте соңғы формулярда анықтамалық деректерiн өзгерткенi туралы белгi қойылады, формулярдың нөмiрi мен азаматтың жаңа анықтамалық деректерi көрсетiледi.
Картотека оларды толтыру және азаматтардың тiркелу жерi бойынша iшкi iстер органдарының өрт-күзет сигнализациямен жабдықталған, терезелерi торланған, темiр есiкпен қапталған жеке оқшауланған үй-жайларда орналасуы қажет.
Дайындалған құжаттарға арналған формулярларды жоғалтпас үшiн картотекамен жұмыс iстеу үшiн оның сақталуына жауап беретiн функциялық мiндеттер жүктелетiн қызметкерлер бөлiнедi. Функционалдық мiндеттерiне осы жұмыстар жатпайтын қызметкерлердiң картотекаға кiруiне үзiлдi-кесiлдi тыйым салынады.
Формулярды картотекаға орналастыру құжаттарды иелерiне негiздi беру фактiсi iшкi комиссия тексергеннен кейiн және 2-н журналмен салыстыра тексерiлгеннен кейiн жүргiзiледi.
Формулярларды картотекаға орналастыру қатаң түрде әлiпби ретiмен жүргiзiледi. Тегi бiрдей әрiптен басталатын адамдардың 1-н арызы терiлiп алынады және тегiнiң екiншi әрпi бойынша, одан кейiн үшiншi т.с.с. әлiпби ретiмен орналастырылады.
Мысалы: Абдыхалықов, Авдеев, Ағыбергенов;
Базаров, Байытов, Бақтұрсынов және т.б.
Тегi бiрдей адамдардың формулярларды картотекаға аты мен әкесiнiң аты бойынша әлiпби ретiн сақтай отырып орналастырылады.
Мысалы: Азаров Алексей Антонович, Азаров Алексей Артемович, Азаров Алексей Васильевич және т.б.
Формулярда тегi, аты, әкесiнiң аты бiрдей болған жағдайда туған жылы бойынша өсу ретiмен, одан кейiн туған жерiнiң қала, аудан, елдi мекендерi бойынша әлiпби ретiмен орналастырылады.
Мысалы: Баринов Аркадий Исаевич, 1963 ж.т., туған жерi Алматы, Баринов Аркадий Исаевич, 1963 ж. туған жерi Балқаш, Баринов Аркадий Исаевич, 1966 ж.т.
Сол сияқты мемлекеттiк тiлде толтырылған формулялар мынадай тәртiппен әлiпби бойынша орналастырылады:
Ә әрпi А әрпiне орналастырылады, бұдан әрi сәйкесiнше:
Ғ-Г; I-И; Қ-К; Ң-Н; Ө-О; Ү,Ұ-У; Һ-Х.
IIМ КҚПК деректер базасындағы фотосуреттердi қалпына келтiру үшiн, сондай-ақ iшкi iстер департаменттерiнiң заңсыз құжаттандыру фактiсi бойынша қызметтiк тексерiс жүргiзу үшiн сұрататын сауалдарды қоспағанда, формулярларды анықтама алу, көшiрмесiн түсiру, қызметтiк белгiлер қою үшiн картотекадан 1 жұмыс күннен артық мерзiмге алуға жол берiлмейдi. Уақытша алынған формуляр жұмыс күнiнiң соңында картотекаға қайтарылуы тиiс. Формулярды картотекадан уақытша алған кезде алынған формулярдың орнына формулярдың алу себебi және күнi, формуляр уақытша қолында болатын адамның тегi мен лауазымы жазылған қызметкердiң қолымен куәландырылған формулярдың көшiрмесi салынады. Формулярды басқа мемлекеттiк органдардың қызметкерлерiне және өзге де адамдарға беруге тыйым салынады.
Негiзiнде деректер базасы қалыптастырылатын формулярлардың көшiрмелерiн сұрау салу бастамашысына «Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес берiледi (жiберiледi). Азаматтарға формулярдың көшiрмесi берiлмейдi.
Мемлекеттiк органдардан паспорт пен жеке басын куәландыратын құжаттар заңсыз берiлгенi, Қазақстан Республикасының азаматтығынан заңсыз шыққаны, республикадан тыс жерге заңсыз тұрақты тұруға шыққаны не болмаса оның иелерi қайтыс болғаны туралы хабарламалар келiп түскен кезде картотеканың сақталуына жауап беру функционалдық мiндеттерiне кiретiн халықты құжаттандыруға және тiркеуге уәкiлеттi қызметкер тиiстi белгiлер енгiзу үшiн формулярлардың картотекалары бойынша тексерiс жүргiзедi.
Картотекаға енгiзу үшiн Қазақстан Республикасы IIМ-нiң КҚПК-дан деректер базасынан Қазақстан Республикасы IIМ КҚПК-нiң паспорттық елтаңбалы мөрiмен расталған фотосуретi бар ақпаратқа сұрау салынады.
Картотекада формулярдың түпнұсқасы болмаған жағдайда формуляр түпнұсқасының жоғалуы туралы акт жасалады.
Картотекаға енгізу үшін Қазақстан Республикасы ІІМ-нің КҚПК-дан деректер базасынан Қазақстан Республикасы ІІМ КҚПК-ның паспорттық елтаңбалық мөрімен расталған фотосуреті бар ақпарат сұратылады.»;
35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«35. Қазақ халқының қалыптасқан дәстүрлерiне сәйкес ұлты қазақ адамдардың тегiн және әкесiнiң атын жазу «Ұлты қазақ азаматтардың тегi мен әкесiнiң атын жазуға байланысты мәселелердi шешу тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Ұлты қазақ адамдар тегiн және әкесiнiң атын жазуды өзгерту туралы өтінішпен ішкі істер органдарына жүгінген кезде азаматтар қалаған тегін, әкесінің атын мемлекеттік және орыс тілдерінде көрсете отырып, ауыстыруға жататын құжаттар туралы мәліметтермен бірге ерікті нысанда жазылған өтініш береді.
Өтінішке мынадай құжаттардың бірі:
туу туралы куәлік (жеке басты куәландыратын құжатты алғаш алатын кезде);
ауыстыруға жататын жеке куәлік, паспорт;
6-нысандағы куәлік қоса беріледі.
Қазақ халқының дәстүрiне сәйкес тегiнiң, әкесiнiң атының жазылуын өзгертуге ниет бiлдiрген Қазақстан Республикасының азаматтарына формулярлар толтыруға мынадай талаптар қойылады.
Формулярдың 1-жолында паспорт, жеке куәлiк беру себебi – «04» коды (тегiнiң, әкесiнiң атының жазылуын өзгерту) көрсетiледi.
Өтiнiш берушiнiң қалауы бойынша 2-жолда мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде тегi, 3 жолда – аты, ал 4 жолда - әкесінің аты жазылады. Тегінің жазылуында қазақ тiлiне тән емес қосымшалар алынып тасталып, түбiр негiздерi сақталады, әкесiнiң атын жазған кезде қазақ тіліне тән емес қосымшалардың орнына әкесiнiң есiмiне адамның жынысына қарай «улы, ұлы; кызы, қызы» қосымшалары қосып жазылады. Мысалы, Наурызбаев Булат Керимович Наурызбаев Болат Керимулы немесе Наурызбай Болат Керiмұлы болып, Кадырова Рысты Мадиевна Кадыр Рысты Мадикызы немесе Қадыр Рысты Мәдиқызы болып жазылады.
Сонымен қатар Т.А.Ә. кездесетін қазақ тiлiне тән емес әрiп тiркестерi алынып тасталады, мысалы, Джандосов Джумабай Джандосович Жандос Жұмабай Жандосулы (ұлы) болып, Чоканов Рыскали Джумабаевич Шоқан Ырысқали Жұмабайулы (ұлы) болып жазылады.
Енгiзiлген өзгерiстердiң астынан 2, 3, 4-жолдардан азаматтың Т.А.Ә. бұрынғы жазылуы көрсетiледi.
Бұл ретте қазақ халқының қалыптасқан салтына сәйкес тегі мен әкесінің аты өзгертілген ұлты қазақ адам өтініш білдірген кезде, паспорт пен жеке куәлікті олар ұсынған туу туралы куәліктерге сәйкес олардың тегі мен әкесінің атын бұрынғыша жазып ресімдеуге болады.»;
38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«38. Бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген және қандай да бір себептер бойынша Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ Қазақстан Республикасының азаматтары мен тергеу қамауындағыларды ішкі істер органдары жалпы тәртіппен түзеу мекемелерінің немесе алдын ала оқшаулау органдарының орналасқан жері бойынша құжаттандырады.
Егер жеке куәлік 1974 жылғы үлгідегі бұрынғы КСРО паспортын көрсеткен немесе жоғалтқаны бойынша оны қалпына келтірген, сондай-ақ жеке басты куәландыратын құжаттар беру туралы алғаш рет өтініш білдірген және туу туралы куәлік ұсынған 18 жастан асқан адамдарға алғаш рет ресімделіп жатса, олардың азаматтығын, жеке басын анықтау, құжаттың берілгенін және фотосуреттің сәйкестігін растау үшін тексеру материалдарын қалыптастыруды қылмыстық қудалау органдары немесе қылмыстық-атқару жүйесі мекемесі жүзеге асырады.
Формулярда «тұрғылықты жері» деген жолда сотталған жазасын өтеп жатқан мекеме көрсетіледі.
Дайындалған жеке куәлiктер сотталғандардың жеке iстерiнде сақталады.
Бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген адамдарға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған кезде жеке куәлiк берiледi. Электронды ақпарат ұстағышы жоқ жеке куәлiк азаматтың тұрғылықты жерi бойынша ауыстырылуға жатады.
Бас бостандығынан айыру орындарынан мерзімінен бұрын шартты түрде не болмаса мерзімін өтегеннен кейін босаған, оған қатысты әкімшілік қадағалау белгіленген сотталғанды тұрғылықты жері бойынша тіркеген кезде профилактикалық есепке қойылғаны туралы қоғамдық қауіпсіздік бөлінісінің белгісі бар босатылу туралы анықтама талап етіледі. Босатылғаны туралы анықтаманы жоғалтқан жағдайда, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адам профилактикалық есепке қойылғаны туралы қоғамдық қауіпсіздік бөлінісінің анықтамасын ұсынады.»;
63-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«63. Электронды формулярларды кодтар бойынша толтыру кезiнде:
«00», «01» - ЖСН бар туу туралы көрсетiлген куәлiк бойынша немесе ЖСН берiлiп тiркелген туу туралы куәлiк бойынша деректер базасындағы ЖСН бойынша сәйкестендiру жүргiзiледi. Туу туралы куәлiгiнде ЖСН болмаған жағдайда адамды сәйкестендiру жүргiзiлмейдi, ал мәлiметтердi электронды формулярға халықты құжаттандыру және тiркеу уәкiлеттi қызметкерлерi туу туралы куәлiкке сәйкес енгiзедi.
Егер азамат 16 жасқа дейiн паспорт алған жағдайда, онда ол 16 жасқа толған соң, электрондық формулярды толтыру кезiнде паспорттың деректерi де көрсетiледi, ал «қосымша негiздеме» жолына туу туралы куәлiктiң деректерi енгiзiледi.
Туу туралы куәлiктiң негiзiнде толтырылған электрондық формулярға ата-анасының бiреуiнiң жеке куәлiгiнiң нөмiрi, берiлген күнi және оны берген орган туралы мәлiметтер «қосымша негiздеме» жолына енгiзiледi.
«04» - неке қию, бұзу, анықтау деректерiн ауыстыру туралы, туу туралы куәлiктi қайтадан алуы туралы куәлiктiң нөмiрi, күнi және оны берген органның атауы көрсетiледi. Анықтау деректерiн өзгерту туралы iшкi iстер органы қорытындысының нөмiрi мен күнiн халықты құжаттандыру және тiркеу органының уәкiлеттi қызметкерi электрондық формулярдың «қосымша негiздеме» жолына енгiзедi;
«05» - анықтау деректерiн ауыстыру, туу туралы куәлiктi қайтадан алу туралы куәлiктiң нөмiрi, күнi және берген органның атауы, туған күнiн ауыстыру туралы iшкi iстер органы қорытындысының нөмiрi мен күнiн халықты құжаттандыру және тiркеу органының уәкiлеттi қызметкерi «қосымша негiздеме» жолына енгiзедi;
«06» - анықтау деректерiнде, туған жерiндегi мәлiметтерде қайшылықтар анықталған жағдайда, тексерiс аяқталғаннан кейiн «қосымша негiздеме» жолында электронды формулярға өзгерiстер енгiзiлгенiн растайтын құжаттардың деректерi енгiзiледi.
Деректер базасындағы азаматтың фотосуретiнiң жеке басын куәландыратын құжаттағы фотобейнесiмен сәйкес келмейтiнi анықталған кезде халықты құжаттандыру және тiркеу органының уәкiлеттi қызметкерi құжаттандырылушының жеке басы және құжаттардағы сәйкес келмеу себептерi мiндеттi түрде тексерiледi. Тексерiс нәтижелерi бойынша мүмкiндiгiне қарай танылушы адаммен сыртқы түрi ұқсас, кемiнде үш басқа адамның фотокарточкаларымен бiрге бiр уақытта ұсынылған оның фотокарточкасы бойынша жақын туыстарының не азаматты кемiнде 10 жыл бiлетiн адамдарды (екi және одан көп адамды) тарта отырып, 12-қосымшадағы нысан бойынша азаматтың жеке басын тану хаттамасы жасалады, содан кейiн екi жұмыс күнi iшiнде қорытынды шығарылады және формулярмен және жою туралы актiмен бiрге Қазақстан Республикасы IIМ-нiң КҚПК-ға жiберiледi. Қорытындыны тiркеу қорытындыларды тiркеу журналында жүргiзiледi. «Қосымша негiздеме» жолында жеке басын анықтау жөнiндегi қорытындының нөмiрi мен күнi көрсетiледi, ал «қосымша ақпарат» жолында фотосуреттердiң сәйкес келмеуi себептерi көрсетiледi.
Азаматтың фотосуреттерiнiң сәйкестiгi расталған жағдайда «қосымша ақпарат» жолында «№ жеке куәлiктегi (паспорттағы) және № электрондық өтiнiмдегi азамат(ша) Т.А.Ә. фотосуреттерiнiң сәйкестiгi Iшкi iстер басқармасының (бөлiмiнiң) (хаттама жасалған күнi) жеке басын тану хаттамасымен расталады» деп көрсетiледi, ал «қосымша негiздеме» жолында жеке басын анықтау жөнiндегi қорытындының нөмiрi мен күнi көрсетiледi;
«07» - коды құжат пайдалануға жарамсыз болған (бүлiнуi, ескiруi, техникалық ақаулар, паспорттың барлық беттерiнiң пайдаланылуы, жеке басын куәландыратын құжатта ЖСК-ның болмауы) жағдайларда көрсетiледi. Бұл ретте электрондық формулярды ресiмдеу негiздемесi ретiнде жарамсыз құжаттың деректерi жазылады, ал «қосымша ақпарат» жолында құжат жарамсыз болуының нақты себебi көрсетiледi.
Бүлiнуiне, ескiруiне, жеке адамды сәйкестендiруi мүмкiн болмауына байланысты пайдалануға жарамсыз құжат формулярды толтыру кезiнде алынады, бұл ретте азаматтың қалауы бойынша уақытша жеке куәлiк берiледi.
«08» - ұлтын өзгерту туралы қорытындының нөмiрi мен күнi электронды формулярдың "қосымша негiздеме" жолына енгiзiледi;
«09» - азаматтың өтiнiшiнiң тiркеу нөмiрi мен күнi «қосымша негiздеме» жолына енгiзiледi;
«10» - егер қала немесе облыс iшiнде заңды мекенжайы ауыстырылған жағдайда азаматтың жеке куәлiгiндегi «заңды мекенжай» бағанында оның тек тұратын қаласы немесе облысы көрсетiлген жағдайда жеке куәлiк ауыстырылмайды.
Егер жеке куәлікте тіркеудің жаңа мекенжайына сәйкес келмейтін толық заңды мекенжайы көрсетілсе (қала, аудан, көше, үй, пәтер), онда тіркеусіз ХҚТ ТП-ның ақпараттық жүйесі арқылы жеке куәлікті ауыстыру талап етіледі. Бұл ретте аумақтық ішкі істер органының мекенжай картотекасына қосу үшін мекенжайға келу парағы мен статистикалық органға жолдау үшін келу парағына статистикалық талон толтырылады.
«12» - электронды формулярды толтыруға Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы анықтама негiз болады. Жарлық нөмiрi немесе Қазақстан Республикасы азаматтығына қабылдағаны туралы iшкi iстер органының қорытындысы «қосымша негiздеме» жолына көрсетiледi, ал "қосымша ақпарат" жолында азаматтың бұрынғы азаматтығы көрсетiледi.
«13» - «қосымша негiздеме» жолына азаматтың жоғалған паспортын қайта қалпына келтiру туралы арызының тiркеу нөмiрi мен күнi енгiзiледi.»;
82-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«82. Балаларға ЖСН генерациялау үшін ата-аналарының бірі (заңды өкілі) балалардың тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын азаматтарды тіркеу кітабын, не болмаса мекенжай анықтамасын, туу туралы куәлік пен ата-анасының (заңды өкілінің) бірінің жеке куәлігін ұсынады.»;
83-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«83. Балалардың анықтамалық деректерi туу туралы куәлiгiне сәйкес жазылады, онда берген күнi, нөмiрi және оны берген орган атауы көрсетiледi.
ЖСН генерациялау үшін электрондық өтінім ресімдеген кезде баланың туу туралы куәлігі міндетті түрде сканерленеді және электрондық өтініммен бірге орталық торапқа жолданады.
Туу туралы куәлікте ата-аналары немесе олардың біреуі туралы қандай да бір мәліметтер болмаса, электрондық өтінімдегі тиісті жолдар толтырылмайды.»;
Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу қағидаларын қолдану туралы нұсқаулыққа 6-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігін Көші-қон полициясы комитеті (П.К. Нокин) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жолдасын және мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің орынбасары Қ.С. Тыныбековке және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитетіне (П.К. Нокин) жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі Қ. Қасымов
Қазақстан Республикасының халқын
құжаттандыру және тіркеу қағидаларын
қолдану туралы нұсқаулыққа
6 қосымша
нысан
Жоғалған, заңсыз берілген паспорттар және жеке куәліктер, өзге
мемлекеттің азаматтығын қабылдағаны туралы ақпарат болу кезінде
– алынып қойылмаған, жаңа құжат ауыстыру кезінде және азаматтың
қайтыс болуына байланысты тапсырылмаған құжаттар туралы
«____» _______20____ж. мерзіміндегi мәліметтер
№ |
Паспорт (жеке куәлік) иесінің Т.А.Ә., туған жылы |
паспорт (жеке куәлік) №, берілген мерзімі |
Мына себептер бойынша алынып қойылады |
1. |
|||
2. |
|||
Ішкі iстер органның басшысы ______________ _____________
(қолы) (А.Ә.Т.)