Жамбыл облысының облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жолға бөлiнген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру тәртібін бекіту туралы Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 376 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Жамбыл облысының әкімдігінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 97 қаулысы

       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Жамбыл облысының облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жолға бөлiнген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру тәртібін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы №376 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2513 болып тіркелген, 2015 жылдың 14 наурызында №31-32 (18065-18066) облыстық "Ақ жол" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. "Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімдерде осы қаулының 1 тармағында көрсетілген нормативтiк құқықтық актінің күшi жойылды деп танылғаны жөнінде әдiлет органдарына және ресми жариялау көздеріне хабарлауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Б. Орынбековке жүктелсін.
      Облыс әкімі К.Көкрекбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады