Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына және "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңына сәйкес Жамбыл облыстық мәслихаты шешім ҚАБЫЛДАДЫ:
"Жамбыл облысы аумағында құрылыс салу қағидаларын бекіту туралы" Жамбыл облыстық мәслихатының 2015 жылғы 25 маусымдағы № 38-9 шешімінің (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2706 болып тіркелген, 2015 жылғы 13 тамызында № 99 (18133) "Ақ жол" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімдерде осы қаулының 1 тармағында көрсетілген нормативтік-құқықтық актінің күші жойылды деп танылғаны жөнінде әділет органдарына және ресми жариялау көздеріне хабарлауды қамтамасыз етсін.
Облыстық мәслихаттың | Облыстық мәслихаттың |
сессия төрағасы | хатшысы |
А. Еділбаев | Б. Қарашолақов |