Аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Қордай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 31 наурыздағы № 39-14 шешімі

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5 тармағына және "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 40 бабының 2 тармағының 4) тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Бесінші шақырылған аудандық мәслихаттың төмендегі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
      1) 2013 жылғы 25 желтоқсандағы "2014-2016 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" № 25-3 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2095 тіркелген, 2014 жылдың 4 қаңтардағы № 1-2 (1933-1934) аудандық "Қордай шамшырағы" - "Кордайский маяк" газетінде жарияланған);
      2) 2014 жылғы 22 сәуірдегі "2014-2016 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" Қордай аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 25-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 29-2 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2179 тіркелген, 2014 жылдың 26 сәуірінде № 65-66 (1997-1998) аудандық "Қордай шамшырағы" - "Кордайский маяк" газетінде жарияланған);
      3) 2014 жылғы 25 маусымдағы "2014-2016 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" Қордай аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 25-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 32-2 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2263 тіркелген, 2014 жылдың 4 шілдесінде № 105-106 (2037-2038) аудандық "Қордай шамшырағы" - "Кордайский маяк" газетінде жарияланған);
      4) 2014 жылғы 5 қыркүйектегі "2014-2016 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" Қордай аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 25-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 34-2 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2322 тіркелген, 2014 жылдың 15 қыркүйектегі № 147-148 (2079-2080) аудандық "Қордай шамшырағы" - "Кордайский маяк" газетінде жарияланған);
      5) 2014 жылғы 17 қарашадағы "2014-2016 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" Қордай аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 25-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 35-2 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2378 тіркелген, 2014 жылдың 20 қарашадағы № 185-186 (2117-2118) аудандық "Қордай шамшырағы" - "Кордайский маяк" газетінде жарияланған);
      6) 2014 жылғы 4 желтоқсандағы "2014-2016 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" Қордай аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 25-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 36-2 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2413 тіркелген, 2014 жылдың 9 желтоқсанындағы № 197-198 (2129-2130) аудандық "Қордай шамшырағы" - "Кордайский маяк" газетінде жарияланған);
      7) 2015 жылғы 2 наурыздағы "2015 жылы Қордай ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы" № 38-15 шешімі.
      8) Аудандық мәслихаттың аппараты осы шешімді әділет органдарының назарына жеткізсін.
      Аудандық мәслихат Аудандық
      сессиясының төрағасы мәслихаттың хатшысы
      Е. Есперов Б. Әлімбет

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады