Сарысу аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 2015 жылғы 27 мамырдағы № 44-6 шешімі

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 964 Қаулысына және "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 40 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қосымшаға сәйкес Сарысу аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Шешімнің көшірмесі Жамбыл облысы Әділет департаментіне жолдансын.
      3. Осы шешімнің орындалуын қамтамасыз ету аудандық мәслихат аппаратының басшысы Құлыбеков Қуаныш Қайратұлына жүктелсін.
      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
Л. Асанова
Аудандық мәслихатхатшысыБ. Дондаұлы

  Сарысу аудандық мәслихатының
2015 жылғы 27 мамырдағы
№ 44-6 шешіміне қосымша

Сарысу аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің
ТІЗБЕСІ

      1. 2014-2016 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 25-3 шешімі (нормативтiк құқықтық актiлердi тiркеу тiзiлiмiнде №2090 болып мемлекеттiк тiркеуден өткен, "Сарысу" газетiнiң 2014 жылғы 18 қаңтардағы №4 санында жарияланған);
      2. "2014-2016 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" Сарысу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 25-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Жамбыл облысы Сарысу ауданы мәслихатының 2014 жылғы 12 наурыздағы № 26-4 шешімі (нормативтiк құқықтық актiлердi тiркеу тiзiлiмiнде №2138 болып мемлекеттiк тiркеуден өткен, "Сарысу" газетiнiң 2014 жылғы 2 сәуірдегі №31-32 санында жарияланған);
      3. "2014-2016 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" Сарысу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 25-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 2014 жылғы 21 сәуірдегі № 28-2 шешімі (нормативтiк құқықтық актiлердi тiркеу тiзiлiмiнде №2176 болып мемлекеттiк тiркеуден өткен, "Сарысу" газетiнiң 2014 жылғы 26 сәуірдегі №43-44 санында жарияланған);
      4. 2014-2016 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" Сарысу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 25-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Жамбыл облысы Сарысу ауданы мәслихатының 2014 жылғы 30 маусымдағы № 31-4 шешімі (нормативтiк құқықтық актiлердi тiркеу тiзiлiмiнде №2270 болып мемлекеттiк тiркеуден өткен, "Сарысу" газетiнiң 2014 жылғы 16 шілдедегі №75-76 санында жарияланған);
      5. "2014-2016 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" Сарысу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 25-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 2014 жылғы 9 қыркүйектегі № 34-2 шешімі (нормативтiк құқықтық актiлердi тiркеу тiзiлiмiнде № 2323 болып мемлекеттiк тiркеуден өткен, "Сарысу" газетiнiң 2014 жылғы 24 қыркүйектегі №99-100 санында жарияланған);
      6. "2014-2016 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" Сарысу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 25-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Жамбыл облысы Сарысу ауданы мәслихатының 2014 жылғы 19 қарашадағы № 37-2 шешімі (нормативтiк құқықтық актiлердi тiркеу тiзiлiмiнде № 2392 болып мемлекеттiк тiркеуден өткен, "Сарысу" газетiнiң 2014 жылғы 29 қарашадағы №123-124 санында жарияланған);
      7. "2014-2016 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" Сарысу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы №25-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 38-3 шешімі (нормативтiк құқықтық актiлердi тiркеу тiзiлiмiнде №2416 болып мемлекеттiк тiркеуден өткен, "Сарысу" газетiнiң 2014 жылғы 13 желтоқсандағы №129-131 санында жарияланған);
      8. "2014-2016 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" Сарысу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы №25-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Жамбыл облысы Сарысу ауданы мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 40-4 шешімі (нормативтiк құқықтық актiлердi тiркеу тiзiлiмiнде №2442 болып мемлекеттiк тiркеуден өткен, "Сарысу" газетiнiң 2014 жылғы 27 желтоқсандағы №135-137 санында жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады