Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 40-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әкімдіктің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 68 "Қамысты ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5630 болып тіркелген, 2015 жылғы 16 маусымдағы "Сатып Алу Ақпарат" газеттінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Ж. Бисимбаев