"Победа" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жануарлар фермасында ветеринарлық режим және шектеу шараларын жою туралы

Жаңа

Павлодар облысы Шарбақты ауданы Орловка ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 03 желтоқсандағы № 2 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес Шарбақты ауданы Орловка ауылдық округінің ветеринарлық-санитарлық мемлекеттік бас инспекторының ұсынымы негізінде ШЕШТІ:
      1. 2015 жылғы 17 маусымдағы Шарбақты ауданы Орловка ауылдық округінің аумағында орналасқан өзара жанасқан барлық жануарларды жоюмен байланысты (ірі қара мал), "Победа" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жануарлар фермасындағы ветеринарлық режим және шектеу шаралары жойылсын.
      2. Орловка ауылдық округінің 2015 жылғы 17 маусымдағы "Шарбақты ауданы Орловка ауылдық округінің аумағында орналасқан "Победа" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жануарлар фермасында ветеринарлық режим және шектеу шараларын белгілеу туралы" № 1 шешімі (2015 жылғы 17 шілдеде нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4612 тіркелген. Аудандық № 29 "Трибуна" және "Маралды" газеттерінде 2015 жылғы 23 шілдеде жарияланған).
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Орловка ауылдық округінің әкімі И. Галлямова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады