1. Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласының коммуналдық мүлкін мүліктік жалға беру (жалдау) кезінде жалдау ақысы есептерінің мөлшерлемесін бекіту туралы" 2014 жылғы 20 маусымдағы № 2/489 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылғы 14 шілдеде № 1070 болып тіркелген, 2014 жылғы 22 шілдеде "Вечерний Алматы" газетінің № 91 санында және "Алматы ақшамы" газетінің № 91 (4965) санында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. "Алматы қаласы Қаржы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) әділет органдарына бір апта мерзімде осы қаулының қабылданғаны туралы хабарласын.
2) бір апта мерзімде осы қаулының ресми баспа басылымдарында жариялау жөнінде шаралар қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары М. Құдышевқа жүктелсін.
Алматы қаласының әкімі | А. Есімов |