Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласының коммуналдық мүлкін мүліктік жалға беру (жалдау) кезінде жалдау ақысы есептерінің мөлшерлемесін бекіту туралы" 2014 жылғы 20 маусымдағы № 2/489 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 2/267 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 74 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 "Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, Алматы қаласының мемлекеттік коммуналдық мүлкін тиімді басқару және иелік ету мақсатында, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласының коммуналдық мүлкін мүліктік жалға беру (жалдау) кезінде жалдау ақысы есептерінің мөлшерлемесін бекіту туралы" 2014 жылғы 20 маусымдағы № 2/489 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылғы 14 шілдеде № 1070 болып тіркелген, 2014 жылғы 22 шілдеде "Вечерний Алматы" газетінің № 91 санында және "Алматы ақшамы" газетінің № 91 (4965) санында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. "Алматы қаласы Қаржы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
      1) әділет органдарына бір апта мерзімде осы қаулының қабылданғаны туралы хабарласын.
      2) бір апта мерзімде осы қаулының ресми баспа басылымдарында жариялау жөнінде шаралар қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары М. Құдышевқа жүктелсін.
      Алматы қаласының әкімі А. Есімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады