Алматы қаласының коммуналдық мүлкін мүліктік жалға беру (жалдау) кезінде жалдау ақысы есептерінің мөлшерлемесін бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 20 маусымдағы N 2/489 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2014 жылғы 14 шілдеде N 1070 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі N 2/267 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 24.04.2015 № 2/267 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Алматы қаласының мемлекеттік коммуналдық мүлкін тиімді басқару және иелік ету мақсатында Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Алматы қаласының коммуналдық мүлкін мүліктік жалға беру (жалдау) кезінде жалдау ақысы есептерінің мөлшерлемесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. Күші жойылды деп танылсын:
      1) Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласының коммуналдық мүлкін мүліктік жалға беру (жалдау) Ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 11 сәуірдегі № 2/296 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылғы 11 мамырда № 936 болып тіркелген, 2012 жылғы 26 мамырда «Вечерний Алматы» газетінің № 65 санында және «Алматы ақшамы» газетінің № 63 санында жарияланған);
      2) Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласының коммуналдық мүлкін мүліктік жалға беру (жалдау) Ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 11 сәуірдегі № 2/296 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2012 жылғы 23 шілдедегі № 3/626 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылғы 17 тамызда № 950 болып тіркелген, 2012 жылғы 23 тамызда «Вечерний Алматы» газетінің № 104 санында және «Алматы ақшамы» газетінің № 103 санында жарияланған).
      2.1. Алматы қаласы Қаржы басқармасы осы қаулыны Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары М. Құдышевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі                       А. Есімов

Алматы қаласы әкімдігінің
2014 жылғы 20 маусымдағы N 2/489
қаулысының қосымшасы

Алматы қаласының коммуналдық мүлкін
мүліктік жалға беру (жалдау) кезінде
жалдау ақысы есептерінің мөлшерлемелері

Аумақтық орналасуы, құрылғының тұрпаты, жалға алушы қызметінің
түрі:

1. Аумақтық орналасуы, (Ао)

1.1 Әл-Фараби даңғылы, (солтүстік жағы) – Байзақов көшесі (шығыс жағы) - Райымбек даңғылы (оңтүстік жағы) - Достық даңғылының (батыс жағы) шекарасында орналасқан үй-жайлар үшін

3,0

1.2 Тимирязев көшесі (солтүстік жағы) - Әуезов көшесі (шығыс жағы) – Райымбек даңғылы (оңтүстік жағы) – Байзаков көшесінің (батыс жағы) шекарасында орналасқан үй-жайлар үшін

1,8

1.3 Тимирязев көшесі (солтүстік жағы) - Розыбакиев көшесі (шығыс жағы)- Райымбек даңғылы (оңтүстік жағы) - Әуезов көшесінің (батыс жағы) шекарасында орналасқан үй-жайлар үшін

1,6

1.4 Әкімшілік-аумақтық шекараларының шегінде орналасқан үй-жайлар мен үй-жайдың өзге де орналасу орындары үшін

1,4

2. Құрылғының тұрпаты, (Қт)

2.1 жеке тұрған құрылғы (техникалық қабат, ғимараттың төбесі, шатыры)

1,2

2.2 ғимарат ішіндегі үй-жай

1,0

2.3 жер төле бөлігі

0,8

2.4 қойма, гараж, кательный

0,6

3. Жалға алушы қызметінің түрі, (Жқт)

3.1 Жоғарғы, орта және мектепке дейінгі білім, спорттық секциялар, оқу курстары

Аталған 3.1. тармақшасы бойынша көрсетілген қызмет түрлеріне 1 маусым мен 1 қыркүйек жазғы демалыс уақыт аралығында

2,0
 
 

0,1

3.2 Коммерциялық емес ұйымдар

2,0

3.3 Мәдениет нысандары, оның ішінде, мұражайлар, қол өнер шеберханалары, көрме залдары

1,0

3.4 Сауда, оның ішінде дәріхана, баспа өнімдері, халықтық тұтыну заттары, азық-түлік және т.б.

5,0

3.5 Қызмет көрсету саласының кәсіпорындары

6,0

3.6 Нотариалдық қызмет көрсету

3,0

3.7 Қоғамдық тамақтану кәсіпорындары:

Алкогольдік өнімдерді сатпайтын

Алкогольдік өнімдерді сататын


2,0
 

10

3.8 Коммуналдық заңды тұлғалар жанындағы тамақтану пункттері

0,25

3.9 Қоғамдық моншалар және тауар өнімдерінің өндірісі (цех, қойма)

2,0

3.10 Басқалары (валюта айырбастау пункттері, төлем терминалдары, ломбардтар және басқалары)

10

3.11. Ұлттық мәдениет орталықтары

0,0

      Коммуналдық мүлікті мүліктік жалға беру (жалдау) кезінде жылдық жалдау төлемінің есебі мына формула бойынша жүзеге асырылады:
      Тс = Жбм х S х Ао х Қт х Жқт.
      Тс – жылына жалдау төлемінің сомасы;
      Жбм – 1 шаршы метр үшін жалдау төлемнің базалық мөлшерлемесі, жылына теңгемен;
      S – жалдау алаңы, шаршы метр;
      Ао – аумақтық орналасуы;
      Қт – құрылғы тұрпаты;
      Жқт – жалға алушы қызметінің түрі.

4. Метрополитен нысандарын (метро станцияларын)
мүліктік жалға беру (жалдау) кезіндегі жалдау
төлемін есептеу

      4.1 Метрополитен нысандарында мүліктік жалға беру жөніндегі жалдау төлемінің мөлшерлемесі 1 (бір) шаршы метр айына 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленеді. Метрополитен нысандарын сауда арқылы мүліктік жалға беру (жалдау) кезінде осы мөлшерлеме бастапқысы болып танылады.
      4.2 Метрополитен нысандарындағы мүліктік жалдау бойынша төлем мөлшерлемесі 1 (бір) шаршы метр үшін жылына мүліктік жалдау бойынша айлық соманы он екі айға арифметикалық көбейту жолымен анықталады.
      4.3 Метрополитен нысандарында банкоматтарды және төлем терминалдарын орнықтыру үшін мүліктік жалға беру (жалдау) кезінде жалдау төлем есептемесі 1 (бір) шаршы метр үшін айына 3 (үш) айлық есептік көрсеткішті құрайды. Банкоматтарды, ведингтік аппараттарды және төлем терминалдарын орнықтыру үшін сауда өткізу арқылы метрополитен нысандарында мүліктік жалға беру (жалдау) кезінде осы мөлшерлеме бастапқысы болып танылады.
      4.4 Метрополитен нысандарында банкоматтарды, ведингтік аппараттарды және төлем терминалдарын орнықтыру үшін 1 (бір) шаршы метрді 1 жылға жалға беру (жалдау) төлемінің мөлшерлемесі айлық төлем сомасын он екі айға арифметикалық көбейту жолымен анықталады.

5. Жылжымалы мемлекеттік мүлікті жалға беру (жалдау)
кезіндегі жалдау төлемін есептеу

      Жабдықтар мен көлік құралдарын мүліктік жалға беру (жалдау) кезінде жылдық жалдау төлемінің мөлшерлемесі мына формула бойынша есептелінеді:

      Тс = С х Nam /100 х Т:

      Тс – жабдық және көлік құралы үшін жылға жалдау төлемінің мөлшерлемесі;
      С – бухгалтерлік есептеудің деректері бойынша жабдықтың және көлік құралдарының қалдық құны.
      100 пайыздық тозу есептеулерімен жабдықты және көлік құралдарын мүліктік жалға беру (жалдау) кезінде бастапқы (қалпына келтіру) немесе қайта бағаланған құнының 10 пайызы көлемінде қалдық құны қабылданады;
      Nam – Қазақстан Республикасының «Салықтық және өзге де бюджетке міндетті төленетін төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 120 бабына сәйкес амортизациялардың шектеу нормалары;
      Т – төмендету сомасы; (орта және шағын кәсіпкерлер субъектілеріне жабдықтар мен көлік құралдарын мүліктік жалға беру (жалдау) қолданылады - 0,25 ал қалған (басқа) уақытта көрсетілген төмендету сомасы қолданылмайды).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады