"Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының шалғай елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беру мектептеріне тасымалдау тәртібін және сызбасын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 24 тамыздағы № 251 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 12 қазандағы № 321 қаулысы

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1- бабы, 40- бабы 2- тармағы, 4) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының шалғай елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беру мектептеріне тасымалдау тәртібін және сызбасын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 24 тамыздағы № 251 қаулысының (мемлекеттік тіркеу Реестірінде 2015 жылдың 30 қыркүйегінде № 3393 нөмірімен тіркелген, 2015 жылдың 9 қазанда № 42 "Ауыл арайы", 2015 жылдың 9 қазанда № 42 "Сельская новь" аудандық газеттерінде жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі И.Турков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады