Шал ақын ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 29 шілдедегі № 205 "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының шалғайдағы елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекiту туралы" қаулысы күшінің жойылғанын тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 7 қазандағы № 257 қаулысы

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1, 43-1 баптарына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментімен 2015 жылғы 9 қыркүйекте № 3374 тіркеуден өткен Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 29 шілдедегі № 205 "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының шалғайдағы елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекiту туралы" қаулысының күші жойылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Е.Сағдиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады