"Каспий Құбыр Консорциумы-Қ" акционерлік қоғамына Атырау облысы Атырау қаласы Жылыой, Мақат және Махамбет аудандары аумағында "Теңіз-Новороссийск" магистральдық мұнай құбырының 130,3-217,2(116-204) км учаскесіндегі желілік бөлігін орналастыру және пайдалану үшін қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 7 тамыздағы № 247 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексiнiң 16, 32, 37, 43, 69, 118-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27, 37-баптарына және Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 22 маусымдағы "Магистральдық құбыр туралы" Заңының 13-бабына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес "Каспий Құбыр Консорциумы-Қ" АҚ-на (бұдан әрі – "КҚК-Қ" АҚ) жер учаскелерiн алып қоймай-ақ, Атырау облысы Атырау қаласы Жылыой, Мақат және Махамбет аудандары аумағындағы "Теңіз-Новороссийск" магистральдық мұнай құбырының 130,3-217,2(116-204) км учаскесіндегі желілік бөлігін орналастыру және пайдалану үшін жалпы көлемі 870,2493 гектар жер учаскесіне 49 жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "КҚК-Қ" АҚ:

      1) уақытша өтеулі жер пайдалану құқығының мерзімі аяқталғанға дейін бүлінген жерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етсін;

      2) келісім бойынша жер учаскелерінің меншік иелеріне және жер пайдаланушыларға шығын келтірген жағдайда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтірілген шығындардың орнын толтырсын.

      3. Осы қаулының 2-қосымшасына сайкес "Теңіз-Новороссийск" магистральдық мұнай құбырының қауымдық сервитут белгіленген жер учаскелерін пайдалану тәртібі бекітілсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғ.И. Дүйсембаевқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Б. Ізмұхамбетов

  Атырау облысы әкімдігінің
2015 жылғы 7 тамыздағы
№ 247 қаулысына 1-қосымша

"Каспий Құбыр Консорциумы-Қ" АҚ-на "Теңіз-Новороссийк" магистральдық мұнай құбырының желілік бөлігін орналастыру және пайдалану үшін қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскесінің экспликациясы

Орналасуы

Ұзындығы, м

Белгіленетін қауымдық серветут ені, м

Белгіленетін қауымдық серветут алаңы, га

Жылыой ауданы 130,3-145,8
(116-131,5) км

15 457

100,0

154,5521

Мақат ауданы 145,8-173,5 км
(131,5-159,2) км

27 722

100,0

277,5531

Атырау қ.
173,5-208,4 км
(159,2-194,4)

35 067

100,0

350,6731

Махамбет ауданы
208,5-217,2
(194,4-204)

8 746

100,0

87,4710

Барлығы:

86992

100,0

870,2493

  Атырау облысы әкімдігінің
2015 жылғы 7 тамыздағы
№ 247 қаулысына 2-қосымша

Магистральдық мұнай құбырының қауымдық сервитут белгіленген жер учаскелерін пайдалану тәртібі

      1.1. Құбырлардың зақымдану ықтималдығын болғызбау үшін (олар қандай да болмасын) қорғау аймақтары:

      мұнай, табиғи газ, мұнай өнімдерін, мұнай және жасанды көмірсутек газдарын тасымалдайтын магистральдық құбырлар желілерінің бойында жер телімі бойында – құбыр осінің әр жағынан 50 метр жерден өтетін шартты сызықтармен шектелген жер учаскесі түрінде белгіленеді.

      1.2. Міндетті түрде осы Ережелерді сақтаған кезде қорғау аймағына кіретін жер телімдері жер пайдаланушылардан алынбайды және олармен ауыл шаруашылығына және басқа да шаруаға қолданылады.

      1.3 Құбырлардың қорғау аймақтарында құбырларға зиян келтіретін немесе қалыпты пайдаланудың салдарынан бұзылуына әкелетін іс-әрекеттер жасауға тыйым салынады, соның ішінде:

      а) бақылау-өлшеу пункттерін дабылдық және айыру белгілерін сындыруға, көмуге және ауыстыруға:

      б) кабельдік байланыстың қызмет көрсетілмейтін күшейткіш пункттерінің қақпақтарын, қақпаларын және есіктерін, катодтық және дренаждық қорғау станциялары қоршауларын, желілік және қарау құдықтарын және басқа да желілік құрылғыларын ашуға, ысырмаларды ашып-жабуға, құбырлардың байланыс, энергиямен қамту және телемеханика құралдарын өшіріп-қосуға;

      в) қоқыс тастайтын жерлерді жайластыруға, қышқылдар, тұздар және сілтілер ерітіндісін төгуге;

      г) газ құбырларын бұзылудан қорғайтын, ал іргелес аумақтар мен қоршаған жерлерді тасымалданатын өнімнің авариялық төгілуінен қорғайтын жағалау бекіту имараттарын, су өткізу құрылғыларын жер және өзге де имараттарды (құрылғыларды) бұзуға;

      д) зәкір тастауға, жіберілген зәкірлер, шынжырлар, лоттар, сүйретпелер және тралдармен өтуге, жер қазу және түптерендету жұмыстарын жасауға;

      е) от жағуға және қандайда болмасын ашық және жабық от көздерін орналастыруға;

      1.4. Құбырлардың қорғау аймақтарында құбыр транспорт кәсіпорнының жазбаша рұксатынсыз мыналарға:

      а) қандай да бір құрылыстар мен имараттарды салуға;

      б) барлық түрлі ағаш және бұталарды отырғызуға, жемдерді, тыңайтқыштар, материалдарды, пішен және сабанды жинап қоюға, белдеулерді орналастыруға, мал ұстауға, балық кәсіпшілігіне арналған учаскелерді бөлуге, балық, сондай-ақ су жануарларын және өсімдіктерін аулауды жүргізуге, суаттарды жайғастыруға, мұзды ою және дайындауға;

      в) құбырлардың трассасы арқылы өткел және өтіс жолдарын салуға, автомобиль көлігі мен тракторлар және механимздердің тұрақтарын жасауға, бау-бақшаларды және егінді орналастыруға;

      г) мелиоративтік жер жұмыстарын жүргізуге, суландыру және жер құрғату жүйелерін салуға;

      д) ашық және көтерме, тау-кен, құрылыс, құрастыру және жарылғыш жұмыстарды, топырақты тегістеуді жүргізу;

      құбырлардың қорғау аймағында жарылғыш жұмыстарды жасауға жазбаша рұқсат осы жұмыстарды жасайтын кәсіпорынның, қолданыстағы "Жарылғыш жұмыстарды жүргізгенде бірінғай қауіпсіздік ережелерін" көзделген тиісті материалдарды ұсынғаннан кейін ғана беріледі;

      е) ұңғымаларды, шурфтарды орналастыруына және топырақ сынамаларын (жер үлгілерінен басқа) алуына байланысты геологиялық түсірілім, геологиялық барлау, іздестіру, геодезиялық және басқа да іздеу жұмыстарын жасауға тыйым салынады;

      құбырлардың қорғау аймақтарында жұмыс жасауға жазбаша рұқсат алған кәсіпорындар және ұйымдар құбырлардың және айыру белгілерін сақталуын қамтамасыз ететін шарттарды сақтап орындауға міндетті және соңғылардың бүлінгені үшін жауапты болады.

      1.5. Құбыр транспорты кәсіпорындарына мыналарға:

      а) құбырға және оның объектілеріне қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін автомобиль көлігі мен басқа да құралдардың, жер пайдаланушымен келісілген өткел схемасына сәйкес кіруіне рұқсат етіледі.

      Апатты жағдайларда апатты жойып, артынан жер иелеріне келтірілген шығындарды рәсімдеу, төлеу, техниканы және материалдарды жеткізуді қамтамасыз ететін бағдар бойынша құбырға және ондағы құрылғыларға кіруіне рұқсат етіледі.

      Егер де құбырлар тыйым салынған аймақ және арнайы объектілер аумағы бойынша өтетін болса, онда тиісті ұйымдар құбырларға қызмет көрсететін жұмысшыларға тәуліктің кез келген уақытында қарау және жөндеу жұмыстарын жасауға рұқсат қағаз беруге міндетті;

      б) шурфтар үшін қорғау аймағы шегіндегі, құбырларды оқшаулау сапасын тексеру үшін және олардың тоттанудан электрохимиялық қорғау құралдарының жағдайын, жабдықтау және алдынала жер пайдаланушыға хабарлана отырып құбырлардың қалыпты пайдалануы үшін қажетті басқа да жер жұмыстарын жүргізу (жұмыстар басталғанға дейін 5 тәуліктен кеш емес).

      в) орман алқаптары арқылы өтетін құбырларда апат болған жағдайда, ағаштарды кесіп алу, кейіннен белгіленген тәртіппен ағаш кесу билетін рәсімдеп, кесілген ағаш қалдықтарынан жерді тазарту.

      Қажет болған жағдайда құбыр транспорты кәсіпорнына құбырды пайдалану кезінде қорғау аймақтарында жалпы негізде ағаш кесу билетін рәсімдеп, ағаш кесу жұмыстарын жүргізуге болады. Кесіліп алынған ағашты көрсетілген кәсіпорындар пайдаланады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады