"Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің мемлекеттік қызметшілер қызмет этикасының қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 2013 жылғы 29 қарашадағы № 368-Ө және «Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 29 қарашадағы № 226 бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 22 маусымдағы № 418 бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1-бабының 1-тармағына және  29-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналардың:
      1) «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің мемлекеттік қызметшілер қызмет этикасының қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 2013 жылғы 29 қарашадағы № 368-Ө бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9050 тіркелген, «Егемен Қазақстан» 2014 жылғы 1 наурыздағы № 42 (28266) газетінде жарияланған);
      2) «Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 29 қарашадағы № 226 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9024 тіркелген, «Егемен Қазақстан» 2014 жылғы 5 ақпандағы № 24 (28248) газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Персоналды дамыту басқармасы осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бір апта мерзімде оның көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

      Министр                                             В. Школьник

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады