Тарбағатай ауданының Ақсуат ауылдық округiнiң Карабұлақ учаскесіне шектеу iс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 8 маусымдағы № 354 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi Заңының 10-бабы 2-тармағының 10) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31- бабы 1-тармағының 18) тармақшасына сәйкес және Тарбағатай ауданының аумақтық бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2015 жылғы 6 мамырдағы № 266 ұсынысы негiзiнде Тарбағатай ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Тарбағатай ауданының Ақсуат ауылдық округiнiң Қарабұлақ учаскесіндегі ірі қара малдары арасынан шыққан бруцеллез ауруының ошағы түбегейлі жойылуына байланысты шектеу iс-шаралары тоқтатылсын.
      2. "Тарбағатай ауданының Ақсуат ауылдық округінің Қарабұлақ учаскесіне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Тарбағатай ауданының әкімдігінің 2014 жылғы 26 тамыздағы № 376 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 3501 болып енгізілген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С.Жақаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгiзiледi.
      Аудан әкiмi Д.Оразбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады