Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір щешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 29-8 шешімі.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-1 бабының 1 тармағына сәйкес, Батыс Қазақстан облыстық мәслихат
      ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қосымшаға сәйкес Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облыстық мәслихат аппаратының басшысы С. Сұлтановқа жүктелсін.
      Сессия төрағасы С. Сүлеймен
      Облыстық мәслихат
хатшысы
М. Құлшар

  Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының
2015 жылғы желтоқсан № 29-8
шешіміне қосымша

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының күші жойылған шешімдерінің тізбесі

      1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 13 желтоқсандағы "Батыс Қазақстан облыс бойынша 2014 жылғы әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы" № 14-4 шешімі (2013 жылғы 25 желтоқсандағы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3377 нөмірмен ҚР Әділет Министірлігі БҚО Әділет департаментінде тіркелген, "Орал өңірі" газетінің 2013 жылғы 28 желтоқсанда № 157 жарияланған).
      2. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы "Батыс Қазақстан облысы бойынша 2014 жылғы әлеукметтік маңызы бар ауылдық және ауданішілік қатынастардың тізбесін айқындау туралы" № 18-7 (2014 жылғы 17 шілдеде Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3587 нөмірмен ҚР Әділет Министірлігі БҚО Әділет департаментінде тіркелген, "Орал өңірі" газетінің 2014 жылғы 22 шілдеде № 81 жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады