Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып және "Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан әкімдігінің 2015 жылғы 15 қаңтардағы № 23 "Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3790 тіркелген, 2015 жылғы 5 ақпандағы № 6 (7073) "Жайық таңы" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылауын аудан әкімінің орынбасары Т. Шиниязовқа жүктелсін.
Аудан әкімі | Ә. Жоламанов |