Бұланды аудандық мәслихатының шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 2016 жылғы 17 ақпандағы № 5С-45/5 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына және "Нормативті құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 40 бабына сәйкес, Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. 2015 жылғы 11 қарашадағы № 5С-42/2 "Бұланды аудандық мәслихат аппаратының "Б" корпусы мемелекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 5078 болып тіркелген, 2015 жылғы 11 желтоқсанда № 50 "Бұланды Таңы" аудандық газеттінде жарияланған) шешімі күші жойылды деп танылсын.
      2. Шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
      Кезекті 45 сессияның төрағасы А.Алдабергенов
      Аудандық мәслихаттың хатшысы Ш.Құсайынов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады