Алға ауданы әкімдігінің 31.03.2015 жылғы № 129 "Алға ауданы бойынша 2015 жылға мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" қаулысының күшін жою туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Алға ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 11 мамырдағы № 196 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына сәйкес, Алға ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:      
      1. Алға ауданы әкімдігінің 31.03.2015 жылғы № 129 "Алға ауданы бойынша 2015 жылға мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" (нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 4317 болып тіркелген, аудандық "Жұлдыз-Звезда" газетінің 2015 жылы 15 мамырдағы № 22 (6823) (8499) санында және 2015 жылы 12 мамырында "Әділет" АҚЖ-де ресми жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Джалғаспаевқа жүктелсін.
      Аудан әкімі М. Абдуллин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады