Аудандық мәслихаттың шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Байғанин мәслихатының 2016 жылғы 7 маусымдағы № 21 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 7-бабына сәйкес, Байғанин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Төмендегі шешімдердің күші жойылды деп танылсын:
      аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 103 "Байғанин аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3756 тіркелген, 2014 жылғы 13 ақпанда "Жем-Сағыз" газетінде жарияланған) шешімі;
      аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 29 ақпандағы № 218 ""Байғанин аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4834 тіркелген, 2016 жылғы 14 сәуірде "Жем-Сағыз" газетінде жарияланған) шешімі.
      2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
      Сессия төрағасы Мәслихат хатшысы
      Т. Шәудір Б. Турлыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады