Кербұлақ ауданының Сарыбастау ауылдық округі әкімінің 2016 жылдың 20 мамырдағы "Сарыбастау ауылдық округінің Сарыбастау ауылы аумағында карантин белгілеу туралы" № 02 шешімінің күшін жою туралы

Жаңа

Алматы облысы Кербұлақ ауданы Сарыбастау ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 27 қыркүйектегі № 08 шешімі

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Алматы облыстық мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының 2016 жылдың 20 қыркүйектегі №2-0420-16-00772 наразылығын басшылыққа ала отырып, Сарыбастау ауылдық округінің әкімі
      ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Кербұлақ ауданының Сарыбастау ауылдық округінің 2016 жылғы 20 мамырдағы "Сарыбастау ауылдық округінің Сарыбастау ауылы аумағында карантин белгілеу туралы" № 02 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2016 жылдың 10 маусымында № 3882 тіркелген, "Кербұлақ жұлдызы" газетінде 2016 жылдың 17 маусымында №25 (3826) жарияланған) күші жойылсын.
      2. Кербұлақ ауданы Сарыбастау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Турганбаева Лязат Бейсеновнаға ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және Кербұлақ ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
      Сарыбастау ауылдық
      округінің әкімі К.Султанбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады