"Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын, бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау бойынша ұйымды акредиттеу туралы куәліктер нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 26 мамырдағы № 247 бұйрығының күшін жоюды тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 18 наурыздағы № 130 бұйрығы

      Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1 бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын, бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау бойынша ұйымды акредиттеу туралы куәліктер нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 26 мамырдағы № 247 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9531 болып тіркелген, 2014 жылғы 29 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектұрова) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енгізіледі.

      Министр                                       Б. Сұлтанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады