1. Талас ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 28 қыркүйектегі "Аудан, қала, ауылдық округтер әкімдері аппараттары мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" № 428 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2816 болып тіркелген, 2015 жылдың 28 қарашасында "Талас тынысы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Қадырбек Рысқұлбекұлы Садубаевқа жүктелсін.
Аудан әкімі | Б. Рысмендиев |