"Міндетті әлеуметтік сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектіcі іске асыратын көрсетілетін қызметтерге бағаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 235 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 67 бұйрығы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.

       «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабының 2-тармағына және 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектіcі іске асыратын көрсетілетін қызметтерге бағаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 235 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11073 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 маусымдағы «Әділет» Қазақстан Республикасының ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және активтер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бір апталық мерзімде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау және
      әлеуметтік даму министрі                          Т. Дүйсенова

      КЕЛІСІЛДІ
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      Е. Досаев __________________
      2016 жылғы 5 ақпан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады