«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ғарыш қызметі саласындағы кәсіптік стандарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 364 (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10918 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 22 мамырда жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті (Е.М. Шаймағамбетов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберуді;
2) осы бұйрықты мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін жіберуді;
3) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында осы бұйрықты орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оны ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр Ә. Исекешев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
____________ Т. Дүйсенова
20__ жылғы 10 наурыз