"Мемлекеттік органдардың интранет-порталының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 19 қыркүйектегі № 617 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 14 сәуірдегі № 377 бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 43-1 бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Мемлекеттік органдардың интранет-порталының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстаның Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 19 қыркүйектегі № 617 бұйрығының (2013 жылғы 23 қаңтарда № 24-25 (27986) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланып, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8023 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (Т.Б. Қазанғап):
      1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін;
      2) осы бұйрықты «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімдік баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберсін;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырсын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің міндетін атқарушы               А. Рау

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады