"Жоғары технологиялық өнімдер өндіру жөніндегі қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 ақпандағы № 141 бұйрығының күшін жою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 24 маусымдағы № 521 бұйрығы

      «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Жоғары технологиялық өнімдер өндіру жөніндегі қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 ақпандағы № 141 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11375 болып тіркелген, 2015 жылғы 9 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Технологиялық және инновациялық даму департаменті (А.Б. Батырқожа):
      1) осы бұйрықтың көшірмесін бір апта мерзімінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберуді;
      2) осы бұйрықты мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрі           Ж. Қасымбек

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрі орынбасары -
      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі
      ______________ А. Мырзахметов
      2016 жылғы 4 шілде

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      ______________ Қ. Бишімбаев
      2016 жылғы 29 маусым

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Энергетика министрі
      ______________ Қ. Бозымбаев
      2016 жылғы 8 шілде

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады